1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет27/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Фузариозды солу. Қоздырушысы–Fusarium oxysporumSchlecht. және басқа түрлерDeиteromycotaкласының Монилиялыларқатарынан. Асбұршақ ауруға өскін кезінен бастап, өсу кезеңініңсоңына дейін шалдығады. Су мен қоректік заттар тасымалдайтын сабақ түтікшелері мен төменгі буынаралығы, негізгі және қосымша тамырлар қоңырқай тартады, кейде толығымен шіріп кетеді. Өсімдіктердің өсуі кенжелейді, топырақтан тез жұлынады. Ауру жайлаған мүшелерді ылғалды ортада ұстасақ, оларды саңырауқұлақ мицелийлері және споралану мүшелерінен тұратын үлпілдек ақ өңез басады. Макроконидиялар орақ немесе жаңа туған ай тәріздес, 3-5 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 30-50х3,5-5 мкм,микроконидияларсопақтау, немесе цилиндр тәріздес, 10,8-18,6х1,5-3 мкм. Мицелийлер ұшында немесе ортасында бір-екі жасушалы хламидоспоралар түзіледі. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖҮЙЕСІ
Өсімдік ауруларымен күресу шараларын ғылыми тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру үшін бірінше кезекте инфекцияның табиғатта сақталу және таралу жолдарын білу керек. немесе отырғызуға арналған түйнектер мен пиязшықтар және т.б., шірімеген өсімдік қалдықтары немесе топырақ, ауа ағыны мен жаңбыр тамшылары және ауру тасымалдайтын бунақаяқтылар ар0ылы таралады.Мәселен, инфекциясы көбінесе тұқымда сақталатын қаракүйе ауруларынан дәнді дақылдарды қорғау үшін оны себер алдында дәрілеудің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғышы өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталатын тамыр шірігі, септориоз, гельминтоспориоз, ринхоспориоз және т.б. аурулардың көпжылдық динамикасын реттеудеауыспалы егісте алғы дақылдар біраз фитосанитарлық рөл атқарады. Инфекциясы ауа ағыны немесе жаңбыр тамшылары арқылы таралатын тат аурулары мен ақұнтаққа келсек, олардың дамуы көбінесе ауа-райына, сорттардың беріктігіне байланысты, алғы дақылдардың атқаратын рөлі шамалы. Бұл аурлардың зияндылығын төмендету үшін егісті дер кезінде фунгицидпен баптау қажет. Бунақаяқтылар арқылы таралатын кейбір вирус және микоплазма ауруларын шектеудің тиімді жолы – тасымалдаушыларға қарсы инсектицидтер қолдану(1-сурет).

1-сурет. Дәнді дақылдарды аурулардан қорғаудың кешенді жүйесі
Дәнді дақылдарды аурулардан қорғаудың кешенді жүйесі инфекцияның сақталу және таралу жолдарына байланысты бірнеше шаралардан тұрады.Ауыспалы егістегі алғы дақылдар арқылы топырақтың биологиялық белсенділігін көтеріп, танаптарды фитопатогенді ағзалардан біраз айықтыруға болады. Аурулардың дамуын тежеуде тұқымның себу мерзімі мен тереңдігі және мөлшері, органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану және т.б. шаралар біраз рөль атқарады. Бірақ олардың әсері тұрақты емес, ауа райы және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады, егісті аурудан қорғау немесе айықтыруға толық кепілдік бермейді. Агротехникалық және фитосанитарлық шаралармен қатар химиялық және биологиялық және селекциялық-генетикалық тәсілдерге көңіл бөлінуі қажет. Кешенді жүйенің негізгі бір бөлігіне ауа-райының ерекшеліктеріне байланысты аурулардың таралуы мен дамуын, олардан келетін шығын мөлшерін болжау, фунгицидтер қолдану қажеттілігін анықтау шаралары жатады. Сонымен қатар, аса қатерлі ауруларға берік сорттар шығару үшін тоғышар ағзалардың, әсіресе тат және септориоз аурулары қоздырғыштарының популяциялары құрамындағы өзгерістерді бақылап, селекция үшін пайдаланылатын қорды берік үлгілермен толықтырып отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет