1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет29/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

6-ДӘРІС
Тақырыбы: Техникалық және майлы дақылдардың негізгі аурулары. Күресу шараларын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Техникалық және майлы дақылдардың негізгі аурулары. , олармен күрес шараларымен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Техникалық дақылдарға залал келтіретін аурулар, олармен күресу шаралары
2. Майлы дақылдарға залал келтіретін аурулар, олармен күресу шаралары
Тақырыптың мазмұны. Қант қызылшасының аурулары
Тамыржегі. Қоздырушылары – Оomycota класының Пероноспоралылар қатарынан Pythium debarianum Hess.,Deuteromycota класынан Rhizoctonia solani Kuhn мен Fusariumтуысына жататын саңырауқұлақтар. Ауру белгілері қызылшаның өскіндерінде байқалады. Питиозды тамыр шірігіне шалдыққан тұқым жарнақтары сабағында мөлдір немесе қоңырқай дақтар мен жолақтар пайда болып, жіңішкеріп, өскіндер солып, біртіндеп қурап опат болады. Аурудың дамуына топырақ температурасы төмен (10-15 0С), ылғалдылығы жоғары (70-80 %) болғаны қолайлы. Тұқым себілгеннен кейін жаңбыржиі жауып, топырақ беті қалың қабыршақтанса, өскіндер жер бетіне шықпай опат болуынан, оны қайта себуге тура келеді. P. debarianum мицелийі тарамдалған, көлденең перделерсіз, ұшында зоспорангийлер түзіледі, олардыңкөлденеңі 15-25 мкм. Өскіндер фузариозды тамыр шіруіне шалдықса, онда, ақшыл немесе ақшыл-сары , ақшыл күлгін, көлденең перделермен бөлінген мицелий түзіледі, конидиялар орақ немесе жаңа туған ай сияқты. Кейде өскіндер тамыржегісінің қоздырғышы Стерилді мицелийлер қатарына жататын Rhizoctonia solani болуы мүмкін. Аталған ауру қоздырғыштарының инфекциясы топырақта және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Ақұнтақ. Қоздырушысы– Erysiphe communisGrev.sp. f. betaePot. Аscomycota класының Эризифалылар қатарына жатады. Жаз ортасында, ауа температурасы жоғарылап, ылғалдылығы төмендей бастағанда жапырақтары мен сағақтарында алғаш ақшылселдір ұнтақ, біртіндеп нығыздалып сұрғылт тартатын саңырауқұлақ мицелийі мен споралану мүшелерінен тұратын өңез түзіеді. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктерде фотосинтез үрдісі тоқырап, тамыр-жемістердің түсімділігімен қатар қант мөлшері төмендейді. Тұқымдық қызылшада ауру белгілері ертелеу - жапырақтармен қатар гүлсидам мен шоғырларында сұрғылт өңез ретінде байқалады. Конидиялар сағақтарда тізбектеле орналасқан, бөшке, немесе цилиндр тәріздес, бір жасушалы, түссіз, мөлщері 25-30х8-10 мкм. Өткінші жаңбырмен алмасатын құрғақ және ыстық ауа-райы аурудың тез таралып, дамуына қолайлы.Жаз бойы саңырауқұлақ жыныссыз дамып, бірнеше конидиялар ұрпағын береді, ауа ағыны мен жаңбыр тамшылары арқылы инфекция егіске тез таралады. Күзге қарай мицелий жастықшаларында оның жынысты сатысы жай көзбен көрінетін,реңі қоңырқай, жеміс денелері -клейстотецийлер, ішіндегі қалташаларда 8-ден, пішіні эллипс тәріздес, мөлшері 19-30х10-15 мкм аскоспоралартүзіледі . Инфекция өсімдік қалдықтарында, тұқымдық тамыр жемістердің жоғарғы ұшында жәнетұқым шоғырында келесі жылға дейін сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет