Ќазаќстан республикасы



бет1/15
Дата23.05.2020
өлшемі387,81 Kb.
#70675
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
«Жаңа-Береке» ШҚ-да жануарлардың құтырығын дауалау шараларын ұйымдастыру»


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ветеринариялық медицина кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

______________ Кафедра

меңгерушісі:___________ Т.Ж. Әбдірахманов



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Жаңа-Береке» ШҚ-да жануарлардың құтырығын дауалау шараларын ұйымдастыру»


5В120100 – «Ветеринариялық медицина»

мамандығы бойынша


Орындаған:

Ә.Ғ. Бақтияров


Ғылыми жетекші:

в.ғ.к., аға оқытушы




Е.Е. Мұханбеткалиев

Нұр-Сұлтан 2020

МАЗМҰНЫ



БЕТ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

3

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

4

КІРІСПЕ

5

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

7

1.1 Әдебиетке шолу

8

1.1.1 Құтырық жайында тарихи деректер

8

1.1.2 Құтырық бойынша індеттанулық деректер

11

1.2. Зерттеу материалдары мен әдістері

12

1.3 Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы

21

1.4 Зерттеу нәтижелері

27

1.4.1 Алдын алу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру

29

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ

31

3 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

37

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

42

ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

47

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

49

ҚОСЫМША

50









НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттардың сілтемелері пайдаланылған:
ГОСТ 4.492-89 – Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі. Ветеринариялық биологиялық препараттар. Номенклатура көрсеткіштері.

ТШ 38-006-108-90 Резиналы тығындар.



ГОСТ 92-84-75 Зат шынылары.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылған:


АҚ

– акционерлік қоғам

АӨК

– агроөнеркәсіп кешені

ЖШС

– жаупкершілігі шектеулі серіктестік

ІҚМ

– ірі қара мал


ҰҚМ

  • ұсақ қара мал

ШҚ

- шаруашылық қожалығы

А.ш- ауыл шаруашылығы

КІРІСПЕ

Дәрігер - адам баласын емдесе, мал дәрігері – адамзатты емдейді. Қай ауруды алып қарасақта, зерттеу негізінде барлық адам аурулары жануарлардан жұғатыны анықталды. Сондықтан да адамдарға сол кеселдер жұқпас үшін мал дәрігерлері, яғни біздер жоғары дәрежеде білімді игеріп, жақсы жұмыс жасаумыз керек. Адамзаттың өміріне қауіп төндіретін, өліміне әкеп соғатын аурулардан сақтандыруымыз керек. Міне сондай аурулардың бірі – құтыру.
Құтыру - зооантропонозды ауру. Яғни, адамдар мен жануарлардың өміріне залал келтіретін аса қауіпті ауру, әдетте бұл сырқаттың дамуы құтырған ет қоректілердің үй жануарларын жарақаттауынан болады. Ал адамдарда үй жануарлары мысықтың, иттің қабуынан, кейде құтырған қасқыр не түлкі адамға тікелей шабуыл жасауына байланысты, тістеп алуы арқылы сілекейден жұғады. Жер шарының көптеген елдерінде қазіргі уақытта жануарлардың құтыру ауруына көп шалдығуы негізгі ғаламдық проблемелардың біріне айналып отыр. Ол жүйке жүйесін зақымдап, шашыранды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті түрде өтетін өте қауіпті жұқпалы ауру. Құтырма ауруының вирусы жануардың сілекейі арқылы бөлінеді. Осылайша, олар қауып алғанда, сондай-ақ тырналған, сыдырылған жеріне сілекейдің түсуінен жұқтырып алуы мүмкін. Жарақатқа түскен вирус жұлын мен миды және барлық ағзаны зақымдайды. Вирус ағзаны зақымдаған сәттен ауру басталғанға дейінгі кезең 12 күннен 1 жылға дейінгі уақытқа созылуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы – рабдовирустар болып табылады. Рабдовирустар — құрамында РНҚ бар таяқша пішінді вирустар тұкымдастығы. Вириондардың ұзындығы 175 нм, көлденеңі 70 нм. РНҚ сыңар тізбекті, сырты липопротеид қабығына оралған, негативті, м. с, 4000000, оралымды қосжіпті нуклеокапсидтің құрамына кіреді. Торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді. Рабдовирустар тұқымдастығы ішінде лиссавирустар туысы - құтыру ауруының қоздырғыштары болып табылады. Вирус малдың барлық түлігін, ал хайуандардан итті, мысықты, қасқырды, түлкіні, қарсақты, аюды, т.б. құтыру ауруына шалдықтырады. Аурудың вирусы құтырған малдың миында, жұлынында, сілекейінде көп болады. Аурудың негізгі таратушылары құтырған ит, мысық, түлкі, қасқыр. Ол тістеу арқылы берілумен және орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдануы белгілерімен, жіті өтетіндігімен сипатталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – құтыру ауруын жалпы түбегейлі зерттеп, ауруға дұрыс балау қоя отырып, құтыру ауруының адам баласына әкелетін зардабын және ауруда болдырмаудың себептерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- Қазіргі кездегі құтыру ауру жөнінде толық мағұлмат беру;
- Құтыру ауруының қоршаған ортаға, адамзат баласына кеселі туралы баяндау;
- Ауруды болдырмау, құтыру ауруының алдын-алу шаралары жөнінде таныстыру;

Қойылған мақсатты орындау үшін келесі сұрақтар бекітілді:



1. «Жаңа-Береке» ШҚ ауыл шаруашылық жануарлардың құтырығы бойынша індеттік жағдайға талдау жүргізу;

2. Шаруашылықты құтырықтан дауалау және сауықтыру шараларының жоспарлануын және ұйымдастырылуын зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет