Ќазаќстан республикасы



бет2/15
Дата23.05.2020
өлшемі387,81 Kb.
#70675
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
«Жаңа-Береке» ШҚ-да жануарлардың құтырығын дауалау шараларын ұйымдастыру»

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Әдебиетке шолу


      1. Құтырық жайында тарихи деректер

Құтырық бүкіл әлем мен Қазақстан Республикасында күрделі проблемалардың бірі болып отырған індет. Әлемде құтырық 150 мемлекетте тіркелген және жыл сайын 55000 адамның өмірін жалмайды, орташа есеппен 10 минут сайын құтырықтан 1 адам өледі екен. Құтырықпен ауырған 55000 мың адамның жұқтырғыш көзінің 99%-ы иттер болып отыр.

Құтырықтың клиникалық бейнесін (Lyssa, Hydrophobia, LaRage, Rabies) – біздің эрамыздың 1-ші ғасырында тұңғыш рет Авл Корнелий Цельс сипаттап берген болатын, ол бұл ауруды судан қорқу (құтырық) ауруы деп атады. Бұған дейін бұл ауру түрі адамдарды хайуандар қапқаннан кейін белгілі болды. 1885 жылы Л. Пастер адамдарды осы аурудың қозуынан толық сақтандыру мақсатында құтырыққа қарсы вакциналарды дайындап шығарды. 1906 жылдан бастап Еуропада құтыруға қарсы вакциналарды егетін пастерлік бекеттер жұмыс істей бастады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында В.Бабеш пен А.Негри құтырықтан өлген жануарлардың нейрондарындағы өзіне тән эозинофилді (түйіршікті лейкоциттер) қосындыларды сипаттады.

Құтырық ( Rabies, бешенство)–жануарлардың барлық түріне тән аса қауіпті  жұқпалы ауру. Тістеу арқылы сілекеймен берілетін және орталық  жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы белгілерімен, жіті  өтетіндігімен сипатталады. Құтырыққа үй (ит, мысық, жылқы, шошқа, ұсақ және ірі қара малдар) және жабайы  жылы қанды жануарлардың барлық түрлері бейім. Вирусқа көбірек ит тұқымдастар (түлкі,  ит, қасқыр, қорқау қасқыр), сусар, кеміргіштердің кейбір түрі және мысықтар мен жабайы аңдар сезімтал келеді. Бұл індетке ауру жануарлардан немесе аңдардан жарақат алған адамдар да шалдығады, әсіресе, қорғану қабілеттері төмен болғандықтан балалардың аурушаңдығы жоғары болады.

Қоздырушының көзі–вирусты сілекейімен сыртқа шығаратын және қабу-тістеу, тырнау арқылы тарататын ауру жануарлар.

Өтуі және белгілері. Құтыру індетінің жасырын кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін, бірақ бәрінен көбірек 3-6 аптаға созылады. Оның ұзақтығы тістелген жерге, жараға енген вирустың концентрациясына, уыттылығына, тістелген адамның немесе жануардың төзімділік дәрежесіне байланысты. Көбінесе ауруға күдікті адамның медициналық көмекке кеш қаралуы аурудың өршуіне себепкер болады. Құтырық өршіген немесе бәсең түрде білінеді. Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады: 1) енжарлық, 2) біліне бастаған қозу, 3) дел-сал.

Енжарлық кезең 3 күнге созылады. Ит қараңғы жерге тығыла береді, иесін тыңдамайды немесе өте мейірімді болады. Мазасыздық пен ашушаңдық – дыбыстан қорқады, таныс заттарды көргенде үреді, тәбеті бұзылады, жұтқыншақ еттерінің салдануынан жұтыну қиындайды, ит бір нәрседен қақалған сияқты болып көрінеді.

Аурудың қозу кезеңі 3-4 күнге созылады, сілекейі ағып, қырылдап үру пайда болады, кейде ұлиды. Агрессивтілігі күшейеді, қорқуды білмейді, кездескен жануарларды немесе адамды қабады. Шынжырын кеміреді, байлаудан босанғысы келіп, қашып кетуге әрекеттенеді. Құтырған ит тәулік ішінде ондаған шақырым қашықтыққа жүгіріп, жолындағы кездескен мал мен адамға шабуыл жасайды.Әлсізденген ит жатып қалады.

Дел-сал кезеңі де 3-4 күнге созылады.Біртіндеп бұлшық еттері жансызданып, салданады, осының нәтижесінде дыбысы біржола өшіп (афония), төменгі жағы салбырап, көзі қыли болып шапыраштанады. Артқы аяқтарының (ит артқы аяғын сүйретіп қимылдатады), одан соң тұла бойы, алдыңғы аяқтарының бұлшық еттері салданып, қимылсыз қалады. Аурудың жалпы ұзақтығы 8-11 күнге созылады, кейде 3-4 күннің ішінде өліп қалады.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік жануарлардың денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жыл сайын адамдардың 50 мыңға жуығы және жануарлардың 1 миллионға жуығы осы гидрофобиядан өледі екен. Эпизоотикалық және эпидемиялық жағдайда құтырық әлемдегі 110 қалада тіркелген, оның ішінде Ресейде жатады. Соңғы жылдарда Ресейдің бірқатар аймақтарында эпизоотикалық қауырттылықтың өсу тенденциясы байқалуда. Көптеген зерттеушілер рабикалық аурулар бойынша жабайы табиғатта эпизоотикалық қауырттылықтың өсуі жайлы, бұл инфекцияның табиғи ошақтарының белсенуі және үй жануарларының да эпизоотикалық үрдіске тартылуы жайлы деректер келтіреді [1].



Қазіргі таңда рабикалық аурулардың құтырыққа қарсы жағдайын өзгерте алмады, әлемде де және барлық континентте де. Бұл аурудың алдын алу бұрынғы медицина мен ветеринарияның басты міндеті болып қалды. Адамзат баласы бұл аурумен бұрыннан таныс. Б.з.д ХХІІІ ғасырда осы аурумен ауырған адамдар мен жануарлар тіркелген [2].

Тарихи деректер Құтыру өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихи қалыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавилонның б.з.д. 2300 жылы жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит иттің құтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель әртүрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанға жұғатындығын жазды. І.Есенберлиннің "Алтын Орда" романында Әмір Темірдің Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергені суреттелген. Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В.Гальте үй қоянына құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер үй қоянының миына бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдаен көп кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей делелдеді. Румын ғалымы В.Бабеш және италяндық А.Негри кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты. Қоздырушысы .Pabieslyssavirus рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында, кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады. Бұл вирустың екі негізгі антигендері бар. Еритін S-антиген (капсид нуклеопротеиді) - барлық құтырық вирустарына ортақ және V-антиген (вирионның сыртқы қабығындағы гликопротеид) вирустың әрбір жеке титріне тән. Соңғы антигенге байланысты құтыру вирустары 4 сереворға бөлінеді. Індет кезінде кездесетін және лабороториялық құтыру вирустарының көпшілігі бірінші сереворға жатады. Басқа сереворлары әзірше тек Африкада бөлініп алынған. Төзімділігі құтыру вирусы 60 градус кезінде 10 минут өткенде 100 градустан бірден белсенділігін жоғалтады. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазылтқыш қатырылған мида айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданып жүрген дезинфектанттардың кәдуілігі концентрациясы: 1-2% лизол ерітіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігін айырады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әр түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. "Өршіген құтырықтың" 3 кезеңі болады: • біліне бастаған; • көтерліген; • дел-дал. Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақуруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын бетін жалауға тырысады.Бұл кезде иттің сілекейінде вирус болтаныдықтан, өте сақ болған жөн. Патологиялық өзгерістер. "Патологиялық өзгерістердің" құтырық кезінде айтарлықтай ерекшеліктері болмайды, клиникалық белгілерімен қарастырғанда ғана айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Өлексені сырттай қарағанда арықтағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді. Басындағы, мойынындағы жүндері сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қан іркілген. Қарыны бос, ет қоректі жануарлардың қарынында жеуге жарамсыз заттар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет