Ќазаќстан республикасы


Құтырық бойынша індеттанулық деректер



бет3/15
Дата23.05.2020
өлшемі387,81 Kb.
#70675
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
«Жаңа-Береке» ШҚ-да жануарлардың құтырығын дауалау шараларын ұйымдастыру»

1.1.2 Құтырық бойынша індеттанулық деректер

Құтырықтың қалалық типінде негізгі резервуары, негізгі көзі, аурудың таралуына ықпал ететін, яғни рабдо вирустардың негізі таратушылар қараусыз бұралқы иттер мен мысықтар болып есептеледі. Құтырықтың классикалық типі, бастауы мен вирус резервуары иттер болып саналады.

Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада) құтырықтың табиғаттағы эпизоотологиялық жетекші ролін скунстар, жанат- жартылай скунстар, ал содан кейін түлкілер деп санайды.

Сонымен қоса, қанатты тышқандар және жәндіктер құтырық вирусын таратуда белгілі рөлін атқарады. Індеттік ерекшеліктері Құтырықпен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер, сусар тектестер, жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім. Бұлардан адам мен төрт түлік малдың бейімділігі төмен, ал құстардың бейімділігі өте төмен. Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде - жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар. Дерттену . Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соғынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Онда жүйке торшалары бүлінген кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті безіне жетеді, бәлкім оларда да өсіп өнеді. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығында, таланған малдың төзімділігіне байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға қарағанда әдетте қысқарақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет