Арамшөптерге ауру туғызатын вирустар, бактериялар мен саңырауқұлақтарды пайдалану.
IV. Арамшөптермен күресте электр қуатын пайдалану Өте жоғары жиiлiктегi электромагниттiк кірiстi пайдалану.
Жоғарғы қуатты электр тогын қолдану.
V. Физикалық шаралар Газ шiлтерi бар отты культиваторды пайдалану.
Суаратын ашық жерлердiң жанындағы арамшөптердi жағуға отты машиналарды қолдану.
Арамшөптермен күресте ең жоғарғы тиiмдiлiкке шараларды кешендi және жүйелi түрде жүргiзгенде ғана жетуге болады. Бұл одан әрi ауыспалы егiстiң бiр немесе екi айналымында тек алдын алу және агротехникалық күрес шараларын пайдаланумен шектелуге мүмкiндiк бередi.
Бақылау сұрақтары:
1. Арамшөптерді қандай белгілері бойынша даражарнақты, қосжарнақты деп бөледі.
2. Өсетiн жерiне және қат қабаттылығына қарай арамшөптер неше топқа бөлінеді.
3. Аз жылдық және көпжылдық, тоғышар және жартылай тоғышар арамшөптердің өкілдерінің сипаттамасы.
3. Арамшөптердің салалық классификаторы туралы түсінік.
4. Гербицид дегеніміз не?
5. Гербицидтердің жіктелінуі.
6. Гербицидтерді қолдану жағдайы.
. Гербицидтерді енгізу әдістері.