55
Бүйрекүсті бездері . Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан.
Олардың салмақтары 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады.
Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.
Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан
әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше.
Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер
жануардың екі безін де сылып алып тастаса (экстирпация) 7-10 күннің ішінде ол өліп
қалады. Мұндай жағдайда жануар еттері әлсіреп, тамақтан қалады, өте тез арықтап
салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құса береді, жүрек-қан
тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері
нашарлайды қантамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады
және басқа өзгерістер пайда болады. Жеке бөліп алынған қыртысты және милы
қабаттарға жасалған тәжірибелер арқылы аталған өзгерістердің көбі қыртысты
қабаттың ішкі сөлініс қызметіне байланысты екені анықталды. Мысалы, бездің милы
қабатын қалдырып, қыртысты қабатын сылып алып тастаса, жануар өте тез өліп
қалады. Ал милы қабатын алып тастап қыртысты қабатын қалдырса, жануар
салыстырмалы ұзақ уақыт айтарлықтай өзгеріссіз өмір сүре алады. Мұның себебі милы
қабатты құрайтын хромаффиндік жасушалар бүйрекүсті безінен басқа да ағзаларда
кездеседі (ұйқы артериясының бифуркациясы (айырық) тұсында, омыртқа бағаны
бойындағы симпатикалық шеткі торапта т.б.). Оған қоса симпатикалық жүйкелердің
ұштары норадреналин бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормонындай әсер етеді.
Сондықтан (бүйрекүсті бездерінің ми қабатын алып тастағанда (демодулляциясы)
оның гормондарының кемшіліктері хромаффиндік құрылымдар арқылы
толықтырылады.
Бүйрек үсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам
кортикостероидтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына (өніміне)
жатады. Мұның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық
қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың
ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді. Физиологиялық
қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 1) глюкокортикостероидтар
(ГКС); 2) минералокортикостероидтар (МКС); андрокортикостероидтар (АКС);
Достарыңызбен бөлісу: