Шыны тәріздес дене көз бұршағымен торлы қабықтың арасында орналасқан
мөлдір, желатин тәрізді зат. Құрылысы тор тәріздес, құрамында витреин белогы
мен гиалурон қышқылы болады.Жарықты сындыру көрсеткіш d =1,33 тең.
Бұл көз алмасының өте сезімтал ішкі—
торлы қабығы. Құрамында сыртқы пигментті
және ішккі сезімтал нервтер тізбегінен тұратын қабаттары бар. Торлы қабықтың
гистологиялық құрылысы өте күрделі де, құрамы радиальды бағытта орналасқан үш
түрлі нейрондар тізбегінен тұрады. Нейрондардың бірінші түрі—
фоторецепторлы (таяқша және колба тәрізді), екіншісі—
биполярлы бірінші мен екінші нейрондар тізбегінің арасында орналасқан, ал үшіншісі
ганглионарлы нейрондар болып аталады. Бұлардан басқа нейрондардың тағы бірнеше
түрлері
биполярлы- горизонтальды және
амакринді нейрондар да баршылық.