Торлы қабықтың фоторецепторлары. Фоторецепторлы
нейрондар:
таяқша мен
колба тәрізді болып жіктеледі.Таяқша нейрондар- ымырт
(кешкі) кезіндегі рецепторлары болса, ал колба тәрізді түрлері күндізгі мезгілдің
рецепторлары болып табылады. Құрылысы жағынан фоторецепторлы нейрондардың
пішіні цилиндр тәрізді, бірнеше бөліктері болатын; дистальді-сыртқы сегметінде
фооторецепторлы мембраналары болады. Бұл мембраналар жарықты қабылдап,
тітіркенеді.Сыртқы сегмент байланыстырушы
цилий деп аталатын бөлігімен ішкі
сегментпен байланысады. Ішкі сегментте көптеген митохондриялар, полисомалар,
Гольджи комплекс т.б. болады.Бұл сегментінде белок синтезі өтеді.Нейронның
проксимальды денесінен бір аксон шығып биполярлы, горизонтальды нейрондардың
дендриттерімен синапс түзеді.
Фоторецепторлы нейрондардың сыртқы сегментінде мыңға жуық жалпақ қапшық
түріндегі-дискілері болады. Фоторецепторлы мұндай дискілер таяқша нейрондарда
плазматикалық мембранадан бөлек орналасқан. Тұйық дискілердің параметрі 15нм
(қалыңдығы), ені-1 нм;әрбір дискінің арасындағы кеңістіктері—15 нм-дей.
Таяқша нейрондардың құрамындағы родопсин—опсин белогі мен «А» витамині
ретинальдан тұрады. Ал адамда колба тәрізді нейрондардың саны 6-7 млн. Бұлар
31
заттың күндізгі кездегі түсін анықтайды. Құрамындағы пигмент иодопсин жарықта
белок пен ретинальға ыдырайды.