1. ПӘН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
EDT 1204 Ежелгі дүние тарихы пәні 4
кредит кӛлемінде 120 академиялық сағатты қамтиды. Ежелгі дүние тарихы пәні 6В02201-
Тарих ББ базалық пәндер циклындағы жалпы компонент саналады.
Пән оқытушысы:
Смаханова Ж.С.,
тарих магистрі,
аға оқытушы
e-mail:
z.deil@mail.ru
ZOOM конференциясының
ID номері
: 487 633 8719
1.1. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
:
Ежелгі дүние тарихы – әлем тарихының Рим
империясы құлағанға дейінгі, яғни
біздің заманымыздың V ғасырының екінші жартысына дейінгі кезеңін қамтитын бӛлігі.
«Ежелгі дүние тарихы» курсын екі бӛлімге бӛліп қарастыратын боламыз. Бірінші бӛлімде
Ежелгі Шығыс тарихы және екінші бӛлімде Ежелгі Грекия мен Рим тарихы оқытылады.
Дүниежүзі тарихының жобамен үш жарым мыңжылдық дәуірін қамтып оқытылатын
бұл пәнде ежелгі Шығыс пен антика ӛркениеттерінің
ортақ тұстарын,
тарихындағы
ерекшеліктерін, адамзат тарихының кейінгі тарихында маңызды орын алған жетістікерін,
осы кезеңнің негізгі деректері мен тарихнамасындағы негізгі мәселелер таныстырылады.
Пән мазмұнын игеру нәтижесінде студенттер аталған
кезең бойынша бай фактілік
материалдар негізінде алғашқы мемлекеттік құрылымдардың
пайда болуы мен дамуы,
оның құлауы туралы мағлұматтарды игеріп және соның негізінде пәннің постреквизиттері
бойынша негізгі ұғымдарды білетін болады.