1-Сабақ Көптік жалғаулар 6


Ескерту* Жекеше түрдегі 1, 2-жақтың тәуелдік жалғауларынан соң барыс септіктегі сөздерге үндестік заңы бойынша ретімен болып жалғанады. Мысалы: 1. Мен



бет11/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

Ескерту* Жекеше түрдегі 1, 2-жақтың тәуелдік жалғауларынан соң барыс септіктегі сөздерге үндестік заңы бойынша ретімен болып жалғанады. Мысалы: 1. Мен тұлпар-ым-а мініп жолға шықтым. 2. Сен жеті ата-»-а дейін айтып бере аласың ба?


12-тапсырма. Мәтін ішінен тәуелдік жалғауда септелген сөздерді теріп жазыңыз. Олардың қай жақта және қай септікте тұрғанын анықтаңыз.


13-тапсырма. Кестеде берілген сөздерді тәуелді түрде септеңіз. Барыс, табыс, жатыс септігінде 10-15 сөйлем құрастырыңыз.



Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Тіршілік



















Өмір



















Отбасы



















Шаңырақ





















14-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз. Құрылған жоспар бойынша мазмұнын баяндап беріңіз.
15 тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Шуақты күн ненің белгісі?


а)адалдықтың,тазалықтың,
ә)байлық пен берекенің,
б)шексіз өмір,
в)еркіндік,
г)көркемдік таным белгісі.

2.Туда бейнеленген қыран ненің белгісі ?


а)шексіз өмірдің.
ә)адалдықтың.
б)тазалықтың.
в)еркіндіктің.
г)байлықтың.

3.Туда бейнеленген ою-өрнек қазақ халқының … білдіреді.


а)өнерін, көркемдік танымын.
ә)шексіз өмірді.
б)молшылықты.
в)байлықты.
г)берекені.

4.Бірыңғай көк түс қандай мемлекеттік идеяны білдіреді?


а)бөлектену идеясын.
ә)бәсекелесу идеясын.
б)бөлісу идеясын.
в)ажырасу идеясын.
г)тұтастық идеясын.

5.Көк түс ненің белгісі ?


а)шексіз өмірдің.
ә)бостандықтың және еркіндіктің.
б)Адалдық және тазалықтың.
в)байлық пен берекенің.
г)тұтастық және қосылу.

6.Елтаңбадағы шаңырақ қандай ұғымды білдіреді?


а)Пырақ жеті буыннан тұрады.
ә)Алтын қанатты қос пырақ.
б)Шексіз өмір.
в)Көркемдік таным.
г)Отбасы, үй.
7.Елтаңбадағы шеңбер қандай ұғымды білдіреді?
а)Шексіз өмір.
ә)Адалдықты.
б)Тазалықты.
в)Бостандықты.
г)Еркіндікті.

8.Туда бейнеленген қыран ненің белгісі?


а)Байлықтың.
ә)Бірліктің.
б)Еркіндіктің.
в)Тазалықтың.
г)Адалдықтың.

9. «Алғашқы» сөзінің синонимін табыңыз.


а)Артқы.
ә)Алдыңғы.
б)Шеткі.
в)Соңғы.
г)Бірінші.

10.Туда салынған … қазақ халқының өнерін, көркемдік танымын білдіреді:


а)Шеңбер.
ә)Шаңырақ.
б)Қос пырақ.
в)Қыран.
г)Ұлттық ою-өрнек.

4-сабақ

Септік жалғаулар

Падежи

Окончание корня или основы

гласные кроме у,й

сонорные у; й

сонорные носовые м, н, ң

глухие согласные и, б, в, г, д

звонки согласные ж,з

1.Именительный (атау)

-

-

-

-




2.Родительный (ілік)

-ның/
-нің

-дың/
-дің

-ның/
-нің

-тың/
-тің

-дың/
-дің

3.Дательный (барыс)

-ға/-ге

-ға/-ге

-ға/-ге

-қа/-ке

-ға/-ге

4.Винительный (табыс)

-ны/-ні

-ды/-ді

-ды/-ді

-ты/-ті

-ды/-ді

5.Местный (жатыс)



-да/-де

-да/-де

-да/-де

-та/-те

-да/-де

6.Исходный(шығыс)

-дан/-ден

-дан/
-ден

-нан/
-нен

-тан/
-тен

-дан/
-ден

7.Творительный (көмектес).

-мен/
-менен

-мен/
-менен

-мен/
-менен

-пен/
-пенен

-бен/
-бенен

1-тапсырма. Переведите на казахский язык.

1.Это дом Карима. 2.Комната Алии чистаяи светлая. 3.Я иду к другу Жанны. 4.Дочь сестры спит на диване. 5.Урок учителя хорош. 6.Тетрадь лежит на столе. 7.Родители Айжан разговаривают на улице. 8.Друг брата катается на коньках, на Медеу. 9.Семья бабушки смотрит телевизор.




2-тапсырма. Переведите на казахсий язык. 1.Мы идем к товарищу Гульнары. 2.Бабушка Жапара смотрит телевизор. 3.Друг Данияра читает стихотворение. 4.Смотри, это расческа девушки. 5.Окна дома большие. 6.Это ножка стола. 7.Мне нужна помощь Виктора. 8.Это работа Владимира.


3-тапсырма. Переведите на казахский язык.
Дети возвращаются из школы. 2.Мы делаем маленький домик из дерева. 3.Моя бабушка едет из аула. 4.Папа Омара делает красивое кольцо из серебра. 5.Ваша мама несет продукты из магазина. 6.Я еду от друга. 7.Возьми цветы у Марата. 8.Спроси у учителя. 9.Он несет учебники из аудитории. 10.Они возвращаются из гостей.


4-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіріңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы – 2724,9 мың. шаршы шақырым. Ол батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келген. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстанның Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария сияқты өзендері бар. Ең үлкен көлдері – Балқаш пен Зайсан, ал теңіздері – Арал мен Каспий.


Қазақстанның халқының саны – 16 миллионнан астам. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елде жүз жиырмадан астам ұлттың өкілдері өмір сүреді. Қазақстанның елордасы – Астана қаласы.
Қазақстанның тарихы өте бай әрі қызықты. Оған дәлел-Қазақстанның Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Баласағұн, Йассы, Алматы сияқты басқа да көне кенттері мен шаһарлары, басқа да тарихи-мәдени ескерткіштері.
Қазақстанның табиғи ресурстары мол. Әсіресе, түсті металл, темір, уран, көмір, мыс, мұнай және газ қоры мол.
Қазақстанда өнеркәсіптің металлургия, металл өңдеу, отын-энергетикасы, химия салалары ауыл шаруашылығының егіншілік, мал шаруашылығы салалары дамыған. Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті дамыған ел.


5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.



  • Мәтінді оқу барысында өзіңіз үшін қандай жаңа мәлімет алдыңыз?

  • Мәтінде сізге бұрыннан білетін мәлімет бар ма?

  • Қазақстан туралы мәтінге қандай тың деректер қосар едіңіз?



6-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз. Аударыңыз. Олармен ауызша сөйлем құрастырыңыз.

Орталық, орталық бөлігінде, батыс-шығыс, аумағы, шаршы шақырым, жердің көлемі, ұланғайыр, Орталық Қазақстан, ең үлкен көл, теңіз, көп ұлтты мемлекет, халықтың саны, ұлттың өкілі, елорда, дәлел, көне кенттер мен шаһарлар, тарихи-мәдени ескерткіш, табиғи ресурстары мол,әсіресе, түсті металл, мыс, газ қоры, мол, өнеркәсіп, отын-энергетикасы, химия салалары, ауыл шаруашылығы, егіншілік, мал шаруашылығы, сала, өмір сүру, орналасу, шектесу, даму, металл өңдеу.




7-тапсырма. Дұрыс па? Бұрыс па?

1. Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан.


2. Қазақстан Республикасының аумағы – 2724,9 мың. шаршы шақырым.
3. Қазақстан халқының саны – 25 миллионнан астам.
4. Батысында және солтүстігінде Қытаймен, оңтүстігінде Қырғыстанмен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, ал шығысында Ресеймен шектеседі.
5. Елдің солтүстігі – жазық дала.
6. Ал оңтүстігі таулы болып келген.
7. Қазақстанның Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария сияқты көлдері бар.
8.Ең үлкен теңіздері – Балқаш пен Зайсан, ал өзендері – Арал мен Каспий.
9.Қзақстан - көп ұлтты мемлекет емес.
10.Елде жүзжиырмадан астам ұлттың өкілдері өмір сүреді.
11.Қазақстанның елордасы – Астана қаласы.


8-тапсырма. Мәтінді пайдаланып толықтырыңыз.

Көне қалалары: Табиғи ресурстары:


_______________ __________________
_______________ __________________
_______________ __________________

Өнеркәсіп салалары: Ауыл шаруашылығы:


_______________ ___________________
_______________ ___________________
_______________ ___________________
9-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып 10-15 сөйлем құрастырыңыз.

Сүю, сүйіп өту, ағынды өзен, асқар тау, қасиетті, құдіретті, жәндік, қыбырлау, сыбырлау, кеуде, жарып шығу, бозторғай, шырылдау, биік, мәңгілік.


5 сабақ

Қазақ тіліндегі сұраулы сӨйлемдер


(вопросительные предложения в казахском языке)

Как и во всех других языках, в казахском языке есть два типа вопросительных предложений:


1.Специальный вопрос касается какого-либо конкретного члена предложения. Он образуется при помощи вопросительных слов. Например: Ол кім? «Кто он (она)?», Ол не? «Что это?» Бала қайда отыр? «Где сидит мальчик?»
Обратите внимание, что в русском языке вопросительное слово всегда стоит в начале предложения, а в казахском - в конце предложения или перед глаголом.
2.Общий вопрос касается всего предложения и образуется при помощи вопросительных частиц ма/ме, ба/бе, па/пе, которые пишутся раздельно и стоят в конце предложения. Например: Кітап бар ма? «Есть ли (у тебя) книги?»
Названные выше частицы соответствуют вопросительной частице русского языка ли, которая часто опускается в речи, что вовсе не характерно для казахского языка. Мынау кітап па? «Это книга?» Студент аудитория да отыр ма? «Сидит ли студент в аудитории?»
3.Ответ на общий вопрос может быть утвердительным иә «да» или отрицательным жоқ «нет»: Мынау кітап па? – Жоқ, мынау дәптер. Студент аудиторияда отыр ма? – Иә, ол аудиторияда отыр.
4.Анологичным образом, т.е. при помощи вспомогательных глаголов do (does), образуется общий вопрос в английском языке. Но в отличие от вопросительных частиц казахского языка вспомогательные глаголы в английском стоят всегда в начале предложения: Does the student sit in the auditorium? «Студент аудиторияда отыр ма?»
5.Хотя вопросительные частицы пишутся отдельно, они подчиняются правилам гармонии гласных и ассимиляции согласных.
1.Если слово, стоящее перед частицей, оканчивается на гласный или на р, й, у, л, то оно имеет форму ма (после твердого слога) или ме (после мягкого слога). Например: Ол Сәуле ме? «Это Сауле?» Дәптер бар ма? «Есть ли тетрадь?».
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіздің ана тіліңіз қандай тіл? Ол туралы не айтып бере аласыз?

  2. Түркі тілдеріне қандай тілдер жататынын білесіз бе?

  3. Қазақ тілінің тарихы туралы не білесіз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет