1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет49/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

1-тапсырма. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып, төмендегі сөздерден туынды етістіктер жасаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

1)-ла/-ле, -да/-де, -та/-те:


бас «начало», аяқ «конец», ой «мысль», іс «дело», су «вода», тұз «соль», тіс «зуб», көз «глаза», таза «чистый», із «след», шеге «гвоздь», баға «цена», әңгіме «рассказ».
2)-лас/-лес, -дас/-дес, -тас/-тес:
ақыл «ум», қате «ошибка», тіл «язык», ұйым «организация», үн «голос», шарт «условие», ым «мимика», сот «суд», серт «клятва», сәлем «привет».
3)-а/-е:
ат «имя», түн «ночь», тең «равный», бос «свободный».
4)-қар/-кер, -ғар/-гер, -р:
бас «голова», ес «память».


2-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Қазақстанның қатты отын қорлары


Қазақстанда көмірдің дүниежүзілік қорының 3%-ы шоғырланған. Көмір өндіру көлемі бойынша Қазақстан дүниежүзінде 8-орын, ал ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Үкраинадан кейін үшінші орын алады.


Қазақстанда 100-ден артық көмір кендері ашылған, олардың геологиялық қоры 176.7 млрд.т, бірақ жақсы зерттегендері 40-тай, олардың өнеркәсіптік қоры- 34.1 млрд.т.
Солтүстік және Орталық Қазақстанда Қарағанды(9.3 млрд.т.), Торғай (5.3.млрд.т.) және Екібастұз (12.5 млрд.т.) ірі көмір алаптары (бассейндері) орналасқан.
Қазақстанның барлық көмірін 2 түрге бөлуге болады: тас және қоңыр көмір.
Тас көмір Қарағанды, Екібастұз, Қушекті кен орындарында шығарылады. Кокстенген көмір тек Қарағандыда шығарылады.
Қоңыр көмірлер көбінесе Сорлтүстік Қазақстанда-Торғайда, Майкүбі алаптарында шоғырланған.
Қазақстанда 24 көмір шахтасы және 11 көмір карьері(01.01.1996) жұмыс істейді.
Көмірдің негізгі кен орындары Қазақстан негізгі кен орындары Қазақстанның орталығында орналасқан, сондықтан көмірді бүкіл республика бойынша тасымалдау географиялық жағынан тиімді. Қазір көмір өндіруде экология мәселесі үкімет деңгейінде шешілмек.
3-тапсырма. Мәтінен сан есімдерді теріп жазыңыз, оларды мағынасына қарай топтаңыз.
4-тапсырма.
а)Берілген кестені пайдаланып, Қазақстанда көмір қорының қайда орналасқанын айтып беріңіз.
Үлгі: Қазақстанда көмір қоры Шығыс Қазақстанда орналасқан.
ә) Берілген кесте бойынша әңгімелеңіз.
Үлгі: Шығыс Қазақстанда көмірдің геологиялық қоры – 4.5 млрд.т.

Структура размещения запасов углей по территории Казахстана


млрд.т.

Наименование

Геологические запасы

Восточный Казахстан 4.5
Западный Казахстан 2.9
Северный Казахстан 81.8
Центральный Казахстан 54.5
Южный Казахстан 33.0
Всего по Республике 176.7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет