№ 48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектеп
АШЫҚ САБАҚ
Тақырып: Амангелді батырым.
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Рабиға
Шиелі - 2014
Күні: 28.11.2014ж
Сыныбы: 3 «В»
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Амангелді батырым.
Мақсаты: Оқушыға Амангелді батырдың ерлігі туралы мағлұмат беру.
Білімділігі: Өлеңдегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде
баяндай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу дағдысын
жетілдіру.
Көрнекілігі: Қазақ батырлары, қару-жарақ суреті, түрлі суреттер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл-күй.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысты құрал-
жабдықтарын даярлату.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
Махамбет кім болған?
Қазақтың батыры болған.
Жақия кім?
Исатайдың баласы.
Исатай кім?
Батыр, Маханбеттің досы.
Маханбет пен Исатай кімдерге қарсы шықты?
Жәңгір ханға, оның қызметшілеріне.
Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу.
Өткен тақырыптарға шолу. Әр топқа сөзжұмбақ беру.
1 - топ: Қабанбай туралы не білесің?
2 - топ: Ағыбай туралы не білесің?
3 - топ: Маханбет туралы не білесің?
«Ой қозғау» сөзжұмбақ шешу. Шешімі «Амангелді»
“Ой шақыру”
Торкөздегі сөзді оқы. Ол туралы не білесің?
Амангелді батыр туралы мағлұмат беріледі.
АМАНГЕЛДІ БАТЫР Үдербайұлы Иманов (1873 - 1919 жж.), халық батыры, Қазақ халқының 1916 ж. ұлт - азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Қазақстандағы Азамат соғысынын қаһарманы. Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазір Торғай облысы Амангелді ауданы) кедей малшының отбасында туған. 1908 - 1909 ж. Торғайда қарауыл солдаттармен қақтығысқа қатысқаны үшін сотқа тартылды. Қазақстанда ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюіне байланысты ұлт - азаттық және революциялық қозғалыс өріс алды.
Оқулықпен жұмыс.
“Амангелді батырым” өлеңін оқып беру.
Өлеңнің авторы Н. Байғанин туралы суреттер көрсету арқылы мәлімет беріледі.
Байғанин Нұрпейіс (1860 - 1945) - халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысының Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданы) туған. Нұрпейістің анасы Үміт тамаша әнші, домбырашы және ақын болған. Ол суырып салма ақындар айтыстарында көзге түскен. Ән айтуды анасынан үйренеді, жастайынан домбыра тартуға, жанынан суырып салып, өлең шығаруға талпынған. Көп кешікпей - ақ ол «бала жыршы» деген атқа ие болады. Нұрпейіс өз кезіндегі белгілі ақындардың жырларын тыңдайды, олардың шығармаларын жаттап алады. Жас кезінде - ақ оның репертуарына Батыс Қазақстанның ақындары Абыл Тілеуұлының, Алаша Байтоқтың, Шернияз Жарылғасұлының, Нұрым Шыршығұлұлының өлеңдері мен жырлары енген.
Дәптермен жұмыс
Сөз тіркестері:
езілген - шұбырынды халық, қалың - көп, кегін – кек сақтау - жасалған жамандықты ұмытпау, жасындай - кіші, балдақ - қылыштың сабы мен болаты түйіскен жерінде қолды тіреп тұруға арналған бөлігі, пасық - абыройсыз, арсыз, адамшылықтан безген, обыр - көзі тоймайтын, ашқарақ, жебір, қомағай, жанышқан – қадаған,
түйреген.
Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс. Ойын.
Суретті салған кім?
Сурет қалай аталады?
Сурет бойынша әңгіме құра.
«Бір айналым сөйлесу»
1 - топ Амангелдінің батыр болуына әсер еткен жағдайларды ата.
2 – топ Батырға тән қасиеттерді ата.
3 - топ Батыр туралы мақал – мәтел жаз.
Қорытынды.
“Батыр” сөзіне бес жол өлең құрастыру.
Батыр
Қайратты, жігерлі, намысшыл.
Кегін қанмен жуған ер.
Ержүрек.
Бағалау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.
Үйге тапсырма: «Амангелді батырым» өлеңін жаттау.
Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!Кері қайту
Достарыңызбен бөлісу: |