Сабақтың тақырыбы: "Көптен безген көгермес."



Дата27.12.2016
өлшемі34,99 Kb.
#5724
түріСабақ
Планирование
Сабақтың тақырыбы: 

"Көптен безген көгермес."

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мысал мазмұнын түсініп, идеясын ашуға   мүмкіндік беру.

Дамытушылық : Шығарма құрылысын өз бетімен талдауға , ізденуге , шығармашылық  дағдысын дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік: Сыйластық, достық, бірлік қадірін түсінуге , құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:  интерактивті тақта

Сабақ әдісі-тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгіме ,топпен жұмыс, жеке жұмыс

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Бір-бірімізге алақанның жылуын беріп,сабағымыздың сәтті өтуін тілейік. Топқа жанашыр,бақыт,бірлік ,ақыл сөздері арқылы бөлінейік.

2.Үй жұмысын тексеру:

Болар бала жасынан


Қызығушылықты ояту:

Жанашыр, бақыт, қорқыныш,өкініш,ақыл, бірлік сөздерін пайдаланып Амангелді батырға сипаттама бер.

Амангелді батыр Халқына жанашыр болды,елінің бақытты болуын армандады, сол кездегі надандықтан қорықты,патша өкіметінің әділсіз саясатына өкінді, ақылды қолбасшы болды,ел-жұртын бірлікке шақырды.

3. Жаңа сабақ

Бүгін біз өткелі отырған кейіпкердің басынан да осындай сезімдерді басынан кешіргені туралы өтеміз. « Көптен безген көгермес » мысал Авторы Мұрат Қуанышбеков


Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де болады. Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл - сықақ үлгісіне ауысады.
                                                  1 бөлім

Құмырсқа бір тал сабан әкеле жатып, шаршады да, демалуға отырды. Маңдайының терін сүртті. Сол кезде қасынан өтіп бара жатқан Қоңыз Құмырсқаны көріп:

- Саған қараймын да, жаным ашиды. Жаз бойы бір тынбайсың. Соның бәрін кім үшін істейсің осы?!- деді.

- Кім үшінің қалай?- деді Құмырсқа таңданып. – Бәріміз үшін.

- Е, міне, мәселенің өзі сол, өзің үшін емес, бәрің үшін істейтініңде ғой. Ақымақсың, жалғыз басыңа қанша керек! Өзіңе ғана жинасаң, қиналмас та едің.

- Не түсіндіңдер? Қоңызға кездескенге дейін құмырсқа қандай еді?

- Қоңызды шын жанашыр деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер

- Қоңыз ақылды ма?

- Қалай ойлайсыңдар, енді Құмырсқа өзінің өмірін өзгертуі мүмкін бе?

Ауызша болжау.

- Осы оқиғаның басталуында өздерің айтқан ұғымдар мен сезімдердің қайсысы байқалды?

-Қоңыздың берген ақылын тыңдар ма едіңдер?...-бірақ біз қоңыздың ақылымен келіспейміз, құмырсқа бәрін ойлайды, осындай бірліктің арқасында  тәуелсіздікке жеттік емес пе?

 

2- бөлімді оқып, топпен жұмыс жасау

        3- бөлімді оқып, топпен жұмыс жасау

 

                   4- бөлімді оқып, топпен жұмыс жасау.



 

Өмір- үлкен мектеп

Бірлік болмай, тірлік болмас

Адасқанның айыбы жоқ.

Дос көпті жау алмайды

Кәрі құмырсқаның : « Көптен безген көгермес» деген сөзін құптаймыз ба ? Ата –бабамыз ежелден бірлік болмай ,тірлік болмайтынын айтып ,бірлік арқасында талай жауды жеңіп,талай қиындықтан аман сау өткен.



Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

  1. топ Бір кейіпкерге мінездеме беру.

  2. топ Құмырсқа сөзіне бес жолды өлең

  3. топ Құмырсқа сөзін топтастыру

  4. топ Құмырсқаға жұмбақ құрастыру

Бекіту

  «Автор орындығы» : Бүгінгі сабағымыздағы кейіпкерлерге  хат жазамыз. Әр топ орындарында талдап, ортаға бір жақсы жұмысты шығарады



Бағалау. Әр топ басшысы бағалау парақшасына қойған бағасымен таныстырып шығады.

Дос,жолдассыз өмір сүру мүмкін бе ?



  • Әрине дос,жолдас, ел-жұрттсыз өмір сүру қиын екенін бүгінгі мысал дәлелдеді.

Үйге тапсырма

  Мәтінді мазмұндау дос,жолдассыз өмір сүрудің қиындығы туралы әңгіме



Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет