1. Тіс-техникалық зертханасында пайдаланатын құрал-саймандар. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы


Тіссіз жақтардың жұмыс модельдерін алу



бет27/40
Дата08.02.2022
өлшемі349,16 Kb.
#117287
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
СЕССИЯ ООС

Тіссіз жақтардың жұмыс модельдерін алу. Жақтардың жұмыс модельдері жеке қасықтар мен әртүрлі қалып алу массалары көмегімен алынған функционалды қалыптапрдан құйылады. Ол үшін қалыпты сыртынан 3-4 мм қалыңдығы 2-3 мм балауыз жолағымен жиектейді окантовкалайды. Бұл модельдегі қалып шеттерінің қалыңдығын сақтауға және модель ашылған кезде олардың бұзылуын болдырмауға мүмкіндік береді. Қалыпта белгіленген протез негізінің шекаралары жұмыс моделіне ауысады, оларды тіс технигі балауыз негізін окклюзиялық роликпен жасамас бұрын белгілейді. Тіссіз жақ модельдерінде протез негізінің нақты шекараларын сақтау протезді бекіту және негізгі тіндерге жағымсыз әсер етудің алдын алу мәселелерінде шешуші маңызға ие. Протез негізінің шекараларынан басқа, жұмыс модельдерінде келесі анатомиялық түзілімдербелгіленеді:күрек тістік емізікше, таңдай шұңқыры, торус, жоғары жақсүйек төмпешіктері, альвеолярлы қыры, орта сызықтар, жоғарғы жақ-тіласты жотаның контурлары және төменгі жақ шырышты төмпешік контурлары. Жақтарда тістердің мүлдем болмауына байланысты, алдыңғы және бүйір аймақтардағы окклюзиялық біліктердің мөлшері мен орналасуын білу және қатаң сақтау керек, яғни протез негізінің шекараларын дәл сақтау , оның модельге жабысу жуандығы мен тығыздығын сақтау. Алдын ала сумен ылғалдандырылған гипс моделінде балауыз тақтасы сығылып, шеттері белгіленген шекара бойынша кесіледі. Альвеолярлық өсіндінің оральды беткейіндегі сым доғасын күшейтіп, окклюзиялық біліктерді мықты балауыздан дайындалады және жақ пішініне сәйкес модельделеді. Жоғарғы жақтың алдыңғы аймағында біліктің ені 3-5 мм, бүйірлік аймақтарда 8-10 мм және жоғарғы жақ төмпешіктерінің ортасынан 5 мм қашықтықта аяқталуы керек. Жоғарғы біліктің алдыңғы бөлімі күрек тіс емізікшесінің ортасына дейін 8-10 мм қашықтықта орналасқан. Жоғарғы жақ моделінің алдыңғы бөлігіндегі біліктің биіктігі 15-20 мм, дистальды 10-12 мм, төменгі жақ моделі бойынша 10-15 мм. Содан кейін окклюзиялық біліктердің вестибулярлық және оральды беттері балауыз негізінің бетіне тікелей ауысуға қол жеткізе отырып модельденеді. Вестибулярлық (оральды) беткеймен окклюзиялық біліктің жазықтығымен түзілген бұрыш 90-100 ° болуы керек.
Тіссіз жақтардың орталық қатынасын анықтау - бұл дәрігер тіс қатарының және жалпы протездің дұрыс жасалуы үшін жағдай жасайтын клиникалық кезең. Оған келесі операциялар кіреді: 1) алдыңғы аймақта жоғарғы жақтың окклюзиялық біліктің биіктігін белгілеу; 2) окклюзиялық жазықтықты анықтау; 3) альвеоляраралық биіктікті анықтау; 4) тіссіз жақтардың орталық қатынасын анықтау және бекіту; 5) жасанды тістерді орнату үшін окклюзиялық біліктердің вестибулярлы бетіне анатомиялық бағдарларды қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет