1.Қазақстан тарих толқынында


Қазақстандағы саяси жаңғырту



бет16/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор

17.Қазақстандағы саяси жаңғырту. Саяси жаңғырту саяси өзгерістердің белгілі бір бағыттылығын белгілейді. Саяси жаңғырту мақсаттарының арасында бірінші қатарға үкіметті рационализациялау тапсырмасы яғни бүкіл ұлттық мемлекет шеңберінде заңның ұлықтылығы қағидатының орындалуын қамтамасыз ету.Сасяи жаңғырту үрдісі саяси институттардың сапалы өзгертілудің жүйелілігі мен ақырындап іске асуымен, оның атқарымымен сипатталады. Ал бастысы – мақсатқа бағытталған басқарылатын үрдіс, оның мазмұны саяси тәртіптердің, саяси мінез-құлықтың үлгілерін, идеологиялық құндылықтардың қандай да бір нормаларын, бағдарлау және саяси тілді құрайтын өзгерулерді құрайды.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі жаңғыртумен сипатталатын трансформациялық саяси жүйенің үлгісі болып табылады. Демократизация Қазақстанда КСРО кезінде 1980 жылдардың ортасында басталғанымен саяси жүйенің төлтума үрдісі туралы тек 1991 жылы 16 желтоқсан күні «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» ҚР Заңын қабылдағаннан кейін ғана айтуға боладыҚазақстанда өткізіліп жатқан саяси реформалар, ең басынан саяси жүйені жалпы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, мемлекеттің іс-әрекетке қабілеттілігін нығайтуға, экономикалық құрылымдардың либерализациялауын және рационализациялауын қамтамасыз етуге, негізгі бостандықтарды сақтаған кезде әлеуметтік және саяси тәртіпті қорғауға, үкімет органдарының көлденең есеп беру міндеттілігін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықты болдыртпауға бағытталғанын атап өткен жөн.Қазақстандағы саяси реформалар барысында елдің партиялық жүйесін дамытуға бағдар мен күшті ынталандырмақ болған президенттік институтының жаңғыртушылық сипаты пайда болды, сондай-ақ демократизациялау үрдістерінің қайтымсыздығында сенімділік реформалардың реттілік курстарымен кепіл беріліп, қоғамдық сана-сезімнің құндылықты бағдарларында трансформацияға маңызды түбірлі өзгерістерді қамтамасыз еттіҚазақстан саяси жүйесінің нығаю ерекшелігі тек мемлекеттік үкімет емес, сонымен қоса зиялы қауымдар да Президент пен президенттік құрылымдар айналасында нығаюдан тұрады. Алдымен Президент тек ел басы болып құралғанмен, 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заң Президенттің үкімет қалыптасуы мен қызметіне – Министрлер Кеңесіне ықпал тигізуіне негіз салды «Президент лауазымын құру және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Негізгі Заң). 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ ССР заңы. 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау Президент мәртебесінің лауазымын тек республика басшысы ғана емес, сонымен қоса жоғарғы атқарушы және өкім беруші үкіметтің басшысы ретінде анықтап, Президент лауазымын өзгертуге әкелдіТәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі дамудың жаңа кезеңі 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануымен байланысты. Республиканың негізгі Заңы ең алдымен Президентпен басқарылған атқарушы үкіметтің күшеюін көрсетті, ол өзінің бейнесін ең алдымен Үкіметтің Президент алдындағы жауапкершілік туралы ережесінде тапты. Сонымен қатар, заңдарды орындау мәселелері бойынша Үкіметтің жауапкершілігі Жоғарғы Кеңес алдында сақталды.Қазақстан Республикасының өзгешелігі қазіргі заманғы қоғамға өтуге бағытталған жетілдірілген процестер қоғам тұрақтылығы мен жасалған түрлендірулер реттілігін қамтамасыз ететін эволюциялық жолмен орын алып жатқанындығында екенін атап өту керек. Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында атап өткендей, барлық қабылданған шешімдердің нақ сындарлылығы мен эволюциялылығы «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін ең маңызды принциптерінің бірі болып табылады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет