Кейбір медициналық апатты жағдайларда ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпі:
қанмен ластанған құрал-саймандармен жарақаттану;
қанның шырышты қабықтарға түсуі;
қанның теріге түсуі;
Дүниежүзі бойынша ЖҚТБ-ны кәсіби жұқтыру 350-ге жақын медициналық қызметкерлерде анықталған. Олардың ішінде 106-ы дәлелденген, 238 жағдайда ЖҚТБ жұқтыру себебі болып кәсіби қатынас деп болжанып отыр.
Вирусты гепатит В, С жөнінде бірнеше он мыңдаған жағдайлар анықталған. Медицина қызметкерлерде В және С вирусты гепатиттерінің серологиялық маркерлерінің таралуы жалпы халық арасында таралудан 3 есе жиі байқалады.
Емделушілердің шалдығуы
Инфекция жұққан құралдарды (шприцтер, инелер, скальпельдер және т.б) залалсыздандырылмай және зарарсыздамай қолдану арқылы.
АИТВ инфекциясы бар қанды құйған кезде;
Кәсіби жұқтыру қауіпі жиі байқалады:
Науқас төсегінің қасында инвазивты манипуляциялар орындайтын мейірбикелер, операциялық мейірбикелер, егу бөлмесінің мейірбикелері;
дәрігерлер (лаборанттар, жедел жәрдем дәрігерлері), хирургтар, акушер-гинекологтар, патологоанатомдар.
көк тамырдан қан алғанда;
көк тамырға инъекция жасағанда, тамшылатып жібергенде;
ЖҚТБ вирусымен контаминацияланған сұйықтықтарды шприцтен пробиркаға жібергенде;
жұмыс орнын жинағанда.
Алдын алудың стандартты шаралары:
Барлық науқастардың қаны мен биологиялық сұйықтықтары потенциалды қауіпті болып есептеледі.
Биологиялық сұйықтықтармен қатынас кезінде жеке қорғаныс заттарын қолдану қажет.
Кез-келген биологиялық сұйықтықпен байланыстан соң қолды жуу қажет.
Үшкір құрал-саймандармен жарақаттануды болдырмаудың шараларын сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |