1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы



бет133/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

Пирамиданың 2-ші сатысы- қауіпсіздік мұқтаждықтары.
Адам өмір бойы өседі, дамиды, өзін қоршаған ортамен үнемі қатынаста болады, соған байланысты адамда өмірлік маңызды мұқтаждықтар дамиды. Бұл мұқтаждықтар адам қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар:

  1. Ұйықтау, дем алу

  2. Таза жүру

  3. Киіну, шешіну

  4. Дене қызуын бір қалыпта ұстау

  5. Дені сау болу

  6. Қауіптен сақтану

  7. Қимылдау

Бұл 1-2-ші саты Маслоу пирамидасының іргетасын құрайды.
Пирамиданың 3-сатысы - әлеуметтік қажеттіліктер, қажет болу мұқтаждығы жатады. Адамға өмір сүру барысында қоғамға қажет болу, қоғамның қолдауы, түсінуі, қоғам қабылдауы қажет. Адамға қоршаған орта туралы мәліметтер қажет. Бұны қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыру арқылы жүзеге асырады. Бұл сатыға қарым-қатынас жасау қажеттілігі жатады.
Пирамиданың 4-ші сатысы. Қоғамда өмір сүру табысқа жету қажеттілігін тудырды. Бұл сатыға жетістіктерге жету, өмірлік қазынаға ие болу қажеттілігі жатады.
Пирамиданың 5-ші сатысы - қызмет ету мұқтаждығын қажет етеді. Адам өзінің төменгі сатылы мұқтаждықтарын қанағаттандырмайынша, жоғарғы психологиялық-әлеуметік мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмайды. Адам әлеуметтік және шығармашылық табысқа жету үшін осы мұқтаждықтарды үнемі, өмір бойы қанағаттандыруға тиісті.
Медбикелік үрдіс кезеңдері
Медбикелік үрдіс 5 кезенге бөлінеді:

  1. Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;

  2. Медбикелік диагноз (диагностика);

  3. Күтімді жоспарлау;

  4. Жоспарлауды жүзеге асыру;

  5. Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.


1-кезең
Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау
бағалау

Науқас туралы ақпарат көзі:



  1. Емделушіден сұрастыру

  2. Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру

  3. Дәрігермен сұхбаттасу

  4. Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу

  5. Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.

  6. Емделушінің ауру тарихымен танысу

Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.
Дәрігердің міндеті – дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.
Медбикенің міндеті – емделушіні толық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.

2-кезең


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет