- Үлкен адамның систолалық АҚ - ның қалыпты деңгейі 100-ден 139 мм.с.б. дейін тербеледі, диастолалық- 60-тан 89 мм.с.б. дейін.
- 140/90 мм.с.б. деңгейінен бастап және одан жоғары АҚ жоғары (артериялық гипертензия немесе артериялык гипотония), 100/60 мм.с.б. аз АҚ төмен деп саналады (артериялық гипотензия). АҚ-ның күрт көтерілуі гипертониялық криз деп аталады. АҚ-ның тез көтерілуінен басқа ол қатты бас ауруымен, бас айналуымен, лоқсумен және құсумен көрінеді.
18 жастан жоғары адамдардағы АҚ деңгейінің жіктелуі (артериялық гипертензия бойынша ВОЗ, МОАГ, ЛЧС VI және Ресейдің ұлттық ұсыныстарына сәйкес, 2001) мына кестеде берілген.
АҚ деңгейлерінің жіктелуі
АҚ категориясы САҚ ДАҚ
мм с. Б. мм с.б.
Қалыпты АҚ категориялары
Оптимальды <120 <80
Қалыпты <130 <85
Жоғары қалыпты 130-139 85-89
Жоғары А) категориялары
Артериялык гипертензия
1 дәреже 140-159 90-99
2 дәреже 160-179 100-109
3 дәреже >180 >110
—_Жекеленген систолалық гипертензия > 140 <90
Егер САҚ мен ДАҚ мәндері әртүрлі категорияға жатса, онда неғұрлым жоғары категория белгіленеді.
Артериялық гипертензиясы бар науқастың күтімі кезінде науқастардың емдік-қорғау тәртіптің талаптарын сақтауына қатал көңіл бөлу керек, өйткені теріс эмоциялар, жүйке- психикалық күш түсулер, нашар ұйқы ауру ағымын нашарлатуы мумкін.
Гипертониялық криз дәрігердің шұғыл араласуын және гипотензивтік дәрілердің енгізілуін қажет етеді, өйткені ол бас миы (инсульт) мен жүрек қан айналымының бұзылуымен (инфаркт) асқынуы мүмкін. Дәрігер келгенше науқасты тыныштандыру, таза ауа ағынын арттыру қажет, аяққа ыстық ванна және қолға жылы ванналар жасауға болады. (судың температурасы 37 - 40°С).
Артериялық гипотензия сау адамдарда да, әсіресе астениктерде кездесуі мүмкін, бірақ жүректің қан шығару көлемінің, тамыр серпілгіштігінің төмендеуімен, айналымдағы қан көлемінің азаюымен өтетін қауіпті аурулардың белгісі де болуы мүмкін (миокард инфаркты, қан кету, шок, коллапс). Артериялық гипотензия жедел дамыған науқастың бас миына қанның келуін жақсарту үшін оны жатқызу керек, аяқ жағын сәл көтеру қажет, дәрігердің тағайындауы бойынша сәйкес дәрілік заттарды енгізу керек.
АҚ өлшеу.
1. АҚ әдетте иық артериясында, қажет болғанда - ұршық, тізе асты және т.б. артерияларда өлшенеді.2. Әдеттегі жағдайда науқастың жатуына немесе отыруына болады (орындықтың аркасына сүйеніп), резеңке түтік шығатын шеті шынтақ бүгісінен екі көлденең саусақ мөлшерінде жоғары жерге, науқастың иығы мен манжеттің арасына бір саусақ сиятындай етіп оның иығына манжетті орайды.
3. Тексерілушінің қолының алақаны жоғары қаратылып, жүрекпен бір деңгейге жуықтау, ыңғайлы жатуы керек; шынтақ қуысына иық артериясының үстіне (оны пульсациясы бойынша табады) фонендоскоп орналастырылады.
130>120>
Достарыңызбен бөлісу: |