РОССИЯНЫҢ АВСТРИЯҒА НОТАСЫ Большевиктер Румынияның адамдарын жауып қойғанына қайшы қып, большевик
комиссарларын біз де жаптық деп Одессадағы Австро-Венгрияның коменданты (қорған
бастығы) Севастопольдағы большевиктердің сыртқы іс комиссарына телеграм берген. Бұл
хабарды алғаннан кейін большевик комиссары Австро-Венгрияның хүкіметіне соңғы
нотаны (шарт қағазды) жіберіп отыр.
Россия мен Румыния арасындағы жұмысқа Австро-Венгрияның қыстырылуға жөні жоқ.
Одесса жанжалы болған кезде Румыния мен біздің бір-біріміздің кісілерімізді
жапқанымыз рас. Бірақ бас хүкіметінің әмірі бойынша 9 мартта Румыниямен келісіп,
кісілерімізді айырбас қылмақ болған арнаулы сөзіміз бар-ды. Онан бері де Одессаны
орталық мемлекеттер алып қойып, сөзіміз орындалмаған. Осы уақытта Севастопольдағы
Румыния тұтқындарын босаттық: айырбасын күтіп жүр. Сондықтан біздің кісілерімізді тез
босатыңыздар, біз Румынияның кісісін қайырамыз» деген.