2 ҚҰЛАҚтандыру


Бөкейліктен (нөмер 1-ші список)



Pdf көрінісі
бет3/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Бөкейліктен (нөмер 1-ші список
1. Уәлитхан Танашев; 
2. Бақыткерей Құлманов
(2-ші нөмер список) 
1. Қасым Сармоллин; 
2. Сәлімгерей Нұралыханов; 
Жетісу облысынан (нөмер 2-ші список): 
1. Мұхаметжан Тынышбаев
2. Шибалин; 



 
3. Отыншы Әлжанов; 
4. Шкапский; 
5. Ғабдоллин; 
6. Ниязбеков
7. Мырзажан Төлебаев; 
8. Бабкин; 
9. Пропков; 
(нөмер 3-ші список) 
1. Ыбрайым Жайнақов; 
2. Шендриков; 
3. Садық Аманжолов
4. Дөр Сауранбаев; 
5. Базарбай Мәметов.  
 
ЖЕТІСУ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗЫНА 
25-ші  июнь  жарлығынан  бері  Жетісуға  қараған  қазаққа  да,  қырғызға  да  тыныштық  жоқ. 
Малы болса талаудан, басы болса неше түрлі қорлықтан құтылмады. Қазақ пен қырғызды 
өлтіру сауысқан өлімінен оңай болды. Өткен заманда зорлыққа қарсы тұруға шама да жоқ, 
мұрша да келмеуші еді. Енді теңдік, бостандық заманында бұл қоршылық, бұл залымдық 
неге қойылмайды? Мұны істеуші кім? Мұндай қорлыққа қазақ-қырғыз болып, өз жерінде 
отырып қалайша көнеді? 
Газет бетіне қарасақ, Жетісуда солдаттар, солдат қатындары, тағы да кім екені белгісіздер 
күндіз-түн  демей,  ұрлап-талап,  ұрып-соғып,  қатты  жәбір  беріп  тур.  Теңдік  заманы  туды 
десек те, біздің Жетісу ескі зорлықтан құтыла алмай тур деп жазады. «Қазақтың» 239-ші 
нөмерінде жаздай хүкіметке де бұл туралы айтылып жатты; мән-жай әбден мағлұм болды; 
комиссарлар  жіберілді,  булар  да  көзімен  көрді.  Бірақ  әлі  қазақ  пен  қырғызға  атқан  таң 
жоқ. Енді қашанға дейін Жетісу халқы жақсылықты аспаннан күтеді? Тоғыз ай жақсылық 
өзі  келер  деп  күткені  жеткен  жоқ  па?  Қашанға  дейін  қазақ-қырғыз  қорлыққа  көніп 
отырады? Буған бір ақыл табу — көзі ашық, жөн білетін зиялылардың міндеті еді. Булар 
қайда жүр, не істеп отыр? Ескі замандағы бас күйттеген мінез әлі қалған жоқ па? 
Жетісудағы  қазақ-қырғыз  өзіңді  өзің  сақтамасаң,  сендерді  қорғайтын  хүкімет  жоқ  деп 
біліңдер.  Баяғы  заман  өткен,  жақсылықты  аспанға  қарап,  жоғарғы  ұлықтар  өзі  әкеліп 
етегімен  салар  деген  үміттен  безу  керек.  Ақылдың  алды  -  бірігіп  ынтымаққа  келу;  не 
қылсақ та осы пәледен құтылуға басты да, малды да бердік деу керек; ұлт қазынасына пул 
жинау  керек;  лайықты  басшыны  сайлап,  соңынан  еру  керек;  милицияны  қазақтың 
жігіттерінен  сайлау  керек;  буған  керек  мылтықты  тиісті  орыннан  (комиссариаттан, 
хүкіметтен)  сұрап  алу  тиіс.  Булар  бермесе,  қазақтың  шашақты  ақ  найзасын  соғу  керек. 
Болыс басы 40-50 милицияны сайлап, зорлыққа қарсы тұру керек.  



 
Семей  облысында  ешкім  солдаттан,  я  басқадан  зорлық  көрген  жоқ.  Осы  зорлықты, 
қоршылықты көргендей боламыз ба деп күн бұрын қазақ комитеттері һәм обласной сиез 
қам қылды. Зайсан үйезі басы 100 милиция сайламақ болды. Басқа дуандар ауылный басы 
бір-бір бақылаушының қаражатын көтермек. 
Осы  кезде  Семейде  160  қазақ  жігіттерін  (милицияларын)  үйретуге  бір  офицер  алынды. 
Обласной  комиссариат  мылтық  бермек.  Әр  үйезде  осындай  милиция  сайлап,  оларға  да 
үйретуге офицер алынбақ һәм мылтықты комиссариат тауып беруге уағда қылды. 
Зиялылар  һәм  құрметті  ақсақалдар,  бірлік  қылып,  басшылық  етіп,  елді  көрнеу  талатып 
қоймай, қорғау сіздерге борыш һәм соны істемесеңдер халыққа істеген қиянат. 
Земстволар ашылып, бар милиция бұлардың құзырына көшкен уақытта да қазақтың өзінен 
милиция сайланбай көзі ашылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет