Тауарлар ассортименті – әртүрлі, бірдей және жекелеген қажеттіліктерді қамтамасыз етуіне байланысты топталып ұсынылатын тауарлар жиыны. Термин француз тілінің «assortiment»- әр түрлі және әр алуан сұрыпты тауарларды таңдау деген сөзден шыққан.
Тауарлық номенклатура – жалпы және бірдей мақсаттағы біріншілік және екіншілік тауарлар тізімі.
Классификациясы:
Тауардың орналасуына байланысты ассортиментті өндірістік және саудалық болып бөлінеді.
Өндірістік ассортимент – өндірістік мүмкіншіліктеріне байланысты шығарылатын тауарлар жиынтығы. Мысал ретінде, әртүрлі формада 120 дәрілік зат шығаратын ААҚ Биосинтез фармцевтикалық кәсіпорнының өндірістік асссортиментін келтіруге болады
Саудалық асортимент – тұтынушылар сұранысы, материалдытехникалық базасы, және оның мамандандырылғанын есепке ала отырып сауда ұйымы немесе фармацевтикалық ұйым қалыптастыратын тауарлар жиыны.
Тауарлардың қамту ауқымына байланысты ассортименттер: жай, күрделі, топтық, кеңейтілген, қосарлы, аралас деп жіктеледі.