Табиғи препараттар
Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т.б.
Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2
Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы:
Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.
Натрий гипохлориді – 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |