2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы



бет49/72
Дата05.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#12789
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Өзбек әдебиеті
Өзбек әдебиетінің ұзақ тарихы бар. Ол халық ауыз әдебиеті мен көрші халықтар әдебиетінің ықпалы негізінде қалыптасқан. өзбек әдебиетінде әлемдегі фольклордың барлық түрлері кездеседі: эпостық циклдер, лиро-эпостық жырлар, салт жырлары, жоқтау, сықақ т.б. Аталған жанрлардың ішінде көш орын алатыны – халық өмірін баяндайтын тарихи оқиғаларға құралған дастандар. Оларға «Күнтуғмиш», «Алпамыш», «Таһир мен Зуһра», «Арзигүл», «Ашиқ пен Ғариб» т.б. жатады. Өзбек әдебиетінің дамуына Ахмет Югнаки,Құтыб, Хорезми, Дүрбек секілді Орта Азия түркі әдебиетінің белгілі өкілдері мен парсы-тәжік әдебиетінің классигі Жәми творчествосы үлкен ықпал жасады. Өзбек әдебиетінің дүние жүзі әдебиетіне белгілі болып, кеңінен танылуына Лутфидің шәкірті Ә.Науаидің творчествосы негіз болды. Ол сол кездегі дәстүр бойынша өз өлеңдерін парсыша жазумен бірге өзбек (түркі) тілінде де жазған. Науаи «Екі тілдің таласы» атты кітабында өзбек тілінің поэтикалық байлығы мен мүмкіндігін теориялық жағынан дәлелдеп шықтыү 16ғ-да өзбек әдебиетінің игі дәстүрін жалғастырушы Бабыр болды. Ол өзінің «Бабырнама» атты көлемді шығармасы арқылы өзбек әдебиетінде әдеби мемуарлық шығарманың негізін салды. 17ғ.мен 19-ғ-дың 1-жартысы аралығында Тұрды, Гүлхани, Мунис, Хорезми (1778-1829), Агаки (1809-1874) секілді ақындар мен Надира (1791-1842), Увайси (1780-1850), Махзуна сияқты ақын қыздар творчествосы елеулі орын алды. 19ғ-дың 2-жартысында өзбек халқының Россияға қосылуы, өзбек әдебиетінде демократтық-ағартушылық идеяның пайда болуына себепші болды. Мыс., Мұқими (1850-1903), Фурқат (1853-1909), Дилшад (1800-1905) секілді ақындар халықты оқу-ағартуға, орыс мәдениетінен тәлім алыға, ауыз бірлікке үндеді. Әсіресе ағартушылық-демократтық идеяны үгіттеу Х.Хакімзаде Ниязи (1889-1929), С.Айни (1878-1954), А.Қадыри(1894-1940)шығармаларында кең орын алды. Олар өз шығармалары арқылы халықты отаршылдық мен феодалдық езгіге қарсы күреске шақырып, әйел теңдігі мен бұхара халықтың саналы түрде топтасуын қозғауды негізгі тақырып етіп алды. Өбастаушылары да Айни мен Хамзаның революциялық рухта жазылған «Бай мен батырақ (1927) драмасы, «Кеңес жасасын, «Ей, жұмысшылар т.б. өлеңдері жаңа заманды, соц. өмірді насихаттады. Айнидің реалистік прозалары мен А.Қадыридің «Өткен күндер» (1925), «Мехрабтан шаян (1929) романдары өзбек әдебиетінде алғашқы жазылған романдар болды.
20ғ-дың басында Ғ.Ғұлам (1903-66), Айбек (1905-68),Х.Әлімжанов (1909-44),А.Қаһар (1907-68), К.Яшен (1909ж.т.), Ұйғын (1905ж.т.), т.б. жазушылар қосылды. Бұл кезде өзбек әдебиетінің өкілдері қала мен ауылдағы соц.құрылыс жеңістерін суреттей отырып, ескіліктің кесапатын әшкереледі. Әсіресе дінге, аяққа басылған әйел теңдігі мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Байлар мен секілікті сақтауға жасаған түрлі тап жауларын сынайтын «Муштум» сатиралық журналы шыға бастады. Ол өзбек әдебиетінде памфлет, фельетон жанрларының дамуына негіз болды. 30 жылдары ақын-жазушылардың шеберлігі артып, натуралистік баяндау тәсілінен арыла бастады. өзбек совет әдебиеті поэзия жанрының көне классикалық дәстүрін жалғастыра отырып, жаңа бағыт, жаңа түр мен мазмұнға ие болды. Бұл ретте, әсіресе, В.Маякрвскийдің жаңашыл әдісін үйрену, оны өзбек әдебиетіне қолданудың ерекше орны болды.
өзбек әдебиеті туындылары СССР Жазушыларының 1-съезі қарсаңында СССр халықтары тілдеріне аударылып, Одақ көлемінде кеңінен таныла бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары өзбек ақын-жазушылары Отан қорғау тақырыбын өз шығармаларына негізгі өзек етті. Ғ.Ғұлам»Шығыстан келемін» атты жинағына енген өлеңдері, Айбек тарихи өмірбаяндық «Науаи»(1945) романы, Ұйғын мен И.Султан «Әлішер Науаи» драмасы үшін СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Өзбек әдебиетіндегі Отан соғысы тақырыбына байланысты өзге халықтардың алғашқы образдары жасалды(мыс., Яшеннің «Басқыншыларға өлім»т.б.). Отан қорғау тақырыбы Шухраттың «Шинельді жылдар», А.Рахмат, И.Рахымдардың повестерінде де бейнеленді. Отан соғысынан кейінгі жылдары М.Шейхзаде (1908-67) поэзиясы елеулі орын алды.Бұл кезде 30-жылдары әдебеит майданына келген Мирмухсин (1920ж.т.), Зулфия (1915ж.т.), А.Мухтар (1921ж.т.), Т.Тула (1917ж.т.)Шукурулла (1920ж.т.) т.б. ақын-жазушылар өнімді еңбек етті. Драмматургия саласы жаңа табыстарға жетті. Қаһардың Отанымызды қайта қалпына келтіру кезін суреттеген «Жібек созан»(1949), өзбек халқының еңбек жолын суреттеген Ұйғынның «Бостандық» («Хуррият»),»Ұшу», Яшеннің «Жарық жұлдыз», Н.Сафаровтың «Шығыс таңы», З.Фахтуллиннің «Сатқындар», Ә.Якубовтың «Берілгендік», А.Қаһардың «Ауру тістер» атты драмалары өзбек әдебиетіне қосылған кееск туындылар болды.Сондай-ақ Б.Рахмановтың «Жүрек сыры» (1951), С.Әзімовтың «Қанды сілем»(1964) секілді сатиралық пьесалары жазылды. Проза жанрында Айбектің «Науаи» (1945), И.Рахымның (1916ж.т.) «Шын махаббат»(1957) романдарын туған елді сүю тақырыбына арналса, Айбектің «Алтын аңғардың желі» (1950), «Ұлы жол» (1957), Қаһардың «Синчалық»(«Шанашақтай шымшық», 1958) повесі, И.Рахымның «Берілгендік»(1958), Ш.Раштдовтың «Жеңімпаздар» (1951), «Боранна да күшті» (1958) роман, повестреніде колхоз құрылысындағы жетістіктер бейнеленсе, Х.Ғұламның «Алау» (1958), М.К.Исмаилидің (1908) «Таң алдындағы Ферғана» (1958, жөнделіп басылуы 1966), Ж.Шариповтың «Хорезм» (1960-69) романдары рев. Тарихи тақырыпқа жазылды. А.Мухтар «Апалы -сіңілілері» романында (1954) ө-да жұмысшы табының туып, қалыптасу тарихын бейнелесе, «Туу (1961 романы совет адамының моралы туралы проблемаға арналды. Ол «Шынар (1970) романында бір семья тарихын суреттеу арқылы өзбек халқының бірнеше ұрпағын бейнеледі. П.Қадыровтың (19258) «Қара көздер (1966) романы мен А.Якубовтың «Жігіт болу оңай емес (1945) повесінде қазіргі жас еңбек қаһармандарының образы бейнеленген. Қазіргі өзбек әдебиетінде К.Мухаммади,К.Хикмат, П.Момын,Х.Нәзірдің балалар үшін жазған шығармалары одақ көлеміне танылды. Өзбек совет әдебиетінде А.Хашим,А.Саади, А.Шарафитдинов т.б. бастаған әдебиет тану ғылымы қалыптасты. 30 жылдары бұл сала Ю.Сұлтанов, И.Сұлтан, Х.Якубовтармен толықтырылса, соғыстан кейінгі жылдары А.Қаюмов; А.Қаюмов, В.Абдуллаевтар өнімді еңбек етіп келеді. Қазақ тіліне Ә.Науаидің «Таңдамалы шығармалары» (1948), «Ғазалдары»1968, А.Қадыридің «Өткен күндер (1963, Айбектің «Науаи» (1948), «Киелі қан» (1963), А.Мухтардың «Апалы-сіңілілері»(1960), Ш.Рашидовтың «Дауылдан да күшті» (1959) романдары, Ұйғынның «Өлеңдер мен поэмалары» (1961), Ғ.Ғұламның «Таңдамалылары» (1963), Яшеннің «Жарық жұлдыз» атты пьесалар жинағы, А.Қаһардың «Синчалақ» (1960), Н.Фазыловтың «Жүрек әмірі»(1961), Мирмухсиннің «Жоғалған гауһар» (1961) т.б. повестері аударылды. Өзбек тілінен аударылған шығармалардың ішінде жарына қарай топтастырылған «Өзбек өлеңдері» (1960), «Өзбек пьесалары»(1961), «Өзбек халқының ертегілері» (1957), «Мүшәйра» (1972) атты жинақтар да бар.
11 дәріс сабақ. Тақырыбы: Өзбек кеңес әдебиетінің өкілі – Хамза Хакім-Заде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет