Сүлеймен(Солмон)-пайғамбарды айтып отыр.
Кел, кел, маған, тезірек жет, ділбарым,
Ашыл енді көп күттірген гүл-бағым.
Саған ғана өтеді арнап өмірден,
Нихон шайыр бал татыған жырлрын.
Сәулем
О, мейлі, сен мені қинай бер, зәбірле,
Ғашықтық үрметі – көтерем бәрін де.
Лақаттың түбіне жеткенше жас денем,
Ешкімді ойламан өзіңнен басқа мен.
әуелде сөзберіп ақ жолға бастап кеп,
бұрылып тосынан түнекке тастап кет.
Жыласам жылайын-сөкпейін жалған деп,
Ажалым өзіңнен жетсе егер арман жоқ.
Кембағал күйімді мазақтап күл, мейлі,
Шайырың сені ойлап кірпігін ілмеді.
Қиямет-қайымға жар етем деп алып,
Сандалтып кеттің-ау ізім-қайым жоғалтып.
Сарайда отырсаң жайраңдап сен күліп,
Жүрермін аулақта,
Жүрермін мен бұғып.
Достарыңызбен бөлісу: |