98
соның негізінде қандай білім мен құзыреттілік бағаланатынын анықтау қажет.
Бағалау МЖМБС
-
те көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге
бағытталуы керек.
2-
кезең. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау
критерийлері мен дескрипторларды құрастыру
Критериалды бағалау мұқият жасалған критерийлерді қолдануды
қамтиды. Бағалау критерийлері –
педагогтер мен білім алушыларға ФБ
-
да оқу
мақсатына жетуге мүмкіндік беретін, сондай
-
ақ ФБ мен ЖБ бойынша білім
алушылардың жақсы орындаған жұмысын бағалайтын мәлімдемелер (балл қою
критерийлері). Олар білім алушыға дайындық деңгейін педагогтің талаптарымен
байланыстыруға, ал мұғалімге оқу процесін түзетуге және жұмыстың қиындық
деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Педагог
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін
таңдауда және әзірлеуде ерікті, сонымен қатар білім алушыларды критерийлерді
әзірлеу процесіне тартуға
болады
.
Критерийлер оқу мақсаттарына сәйкес келуі керек және түсінікті, қол
жетімді тілде ұсынылуы керек. Оларды тұжырымдау кезінде нәтижені өлшеуге,
бағалауға болатын нақты іс
-
әрекетті білдіретін етістіктер қолданылады (мысалы,
«қолдану», «үлгілеу», «анықтау», «жіктеу», «сипаттау», «санау» және т.б.).
«Түсіну», «білу», «үйрен», «ашу» және т. б. сияқты белгісіз етістіктерден аулақ
болу керек.
Ағымдағы бағалау шеңберінде тапсырмалар үшін дескрипторлар
әзірленеді.
Дескриптор
-
білім алушының тапсырма бойынша орындаған жұмысының
деңгейін немесе сапасын сипаттайды. Дескрипторлар бағалау критерийлерін
егжей
-
тегжейлі көрсету үшін қажет және нәтижеге жету алгоритмі болып
табылады. Бағалау критерийлері сияқты, тапсырма дескрипторлары да анық,
түсінікті және қол жетімді болуы керек (
7-
кесте). Нақты критерийде
дескрипторлардың әрқайсысының
салмағы белгіленеді.
7-
кесте
-
Оқу мақсаттарын бағалау критерийлеріне және тапсырма
дескрипторларына түрлендіру мысалдары
Достарыңызбен бөлісу: