3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет116/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
3. «Орныңды тап»
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есіне сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабан немесе бубенмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.


4. «Ойыншықты сипатта»
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады (1 минут). Мысалы: қуыршақ, түлкі. Қоян, түйе т.б. Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр-түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әңгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.


5. «Сөзді есіңде сақта»
Тәрбиеші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді тәрбиеші өзі айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығуы керек.
1. көктем - жыңбыр
2. жаз – күн ыстық
3. күз – тұман түсті
4. қыс – қар жауды
5. аспан – бұлт
6. су – балық
7. жер – шөп


Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар


1. «Мен жеңімпазбын»
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан, 1 санға кем болу керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айту керек.


2. «Құлақ – мұрын»
Балалар шеңбермен тұрады.
Жүргізуші: құлақ – деп қолмен мұрынды ұстайды, ал мұрын – деп құлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.


3. «Өз орныңды тап»
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. «Дайын бол!»
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, ат – шабады, құс – ұшады, ләйлек – бір аяғымен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет