3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Қиялды дамытуға арналған жаттығулар



бет122/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар


1.«Менің көңіл-күйім»
Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.


2. «Сиқырлы түс»
Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен демалады. Осылай демалып жатып, түс көреді. Кім түс көреді сол тұрған соң, баяндап айтып береді (әңгіме жануарлар жайында болады).


3. «Не істер еді»?»
Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар Көсе байды алдамаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің? т.б.


4. «Мен және менің болашағым»
Жүргізуші балаларға өздерінің болашағы жайында өскенде кім болатынын көз алдарына елестету үшін көздерін жұмып, ойлануды ұсынады. Өзі баяу үнмен әр түрлі мамандықтардың болатындарын қысқаша баяндайды. Сондай-ақ ата-аналармен қарым-қатынасы туралы әңгімелеуге болады. Сен анаңмен хайуанаттар саябағына бардың. Әкеңмен көлге шомылуға бардың. Машинамен қыдырдың,
Қысқаша әңгіме аяқталған соң, балалар көздерін ашады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, суретін салып беру талап етіледі. Балалардың ой-қиялының дамуын суреттерден байқауға болады.


5. «Сиқырлы сазды әуен»
Баланың қиялын дамытуға әсер ететін сазды әуен ойналады. Балалар көздерін жұмып тыңдайды. (2-3 минут). Музыка тоқтаған соң, көздерін ашып не көргендерін өз қиялдары бойынша әңгімелейді. Олардың сипаттаған немесе көрген қиялын қағаз бетіне түсіруде төмендегі әдіс- тәсілдердің біреуін таңдап алады.
-майшаммен сурет салу
-қылқаламмен
-түрлі түсті бормен
-саусақтармен, алақанмен
Баланың мектепке даярлығын анықтауға арналған сауалнамалар
Тіл дамыту.
Берілген дыбыстарға ортақ сөз тап. Ол
(Жауабы ол )
Ойыншықтар немесе суреттер бойынша әңгімелесу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет