3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


«Білгіш» Бос сөзге сүйреңдейді



бет16/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
«Білгіш»

Бос сөзге сүйреңдейді,


Әдепті үйренбейді.
Орынсыз білгішсінер
Күл мейлі, жирен мейлі.
Тынымсыз қыбарлайды,
Білгенсіп жыбырлайды.
Өзгеден сұрағанда
«Көмектесіп» сыбырлайды.
Осындай «майталманды»,
Сұрап көр, айта алмайды.
Сабақты «білгішіміз»
Еш жауап қайтармайды.


(А.Меңжанова)


Іріленбей ісіміз, білінбейді күшіміз (мақал).

2. Берілген сөздермен сөйлем құраңдар, онда а дыбысының жіңішкеріп айтылу себебін түсіндіріңдер.


Күлаш, Нұршаш, шай, жай, шаш, жайын, жаңа, жай.

3. Берілген сөздердің басқы дыбыстарының дифтонгтік ерекшелікпен айтылуына жаттығыңдар. Қай ережеге байланысты қандай қосымша дыбыстар қосарланып естіліп тұрғанын түсіндіріңдер:


а) ем, егін, елек, елгезек, етік, ерін, Емберген, ен, ерік, отыр, оқы, он, олжа, ор, орын, оқ, онша, орта, оқыс, орыс, өлең, өн, өрік, өркен, өріс, өт, өзек, өрнек, өзен, өмір;


ә) мәтінде қарамен жазылған сөздердің дифтонгтік ерекшелік, ерін үндестігі, ықпал заңы бойынша орфоэпиясын дұрыс қойып оқыңдар.


Көбелек

Қызыл, сары, жасыл, көк


Қызықтырар гүлдер көп.
Үзейін деп ұмтылсам,
Ұшып кетті көбелек.


Шымшық


Үнің өшпей «шық-шық»,
Жем іздейсің, шымшық.
Көрсең шыбын-шіркейді
Жеп қоясың қыршып.


(Ә.Мусин)


Жеміс теру

Менің қара көзімдей


Қарақаттар тізілген,
Пісіп тұрған кезінде
Үзіп алдым жүзін мен.
Тағы тердім, кетпедім,
Уысымды толтырдым.
Биікке қол жетпеді! –
Торғайға да қалдырдым.

(Алибейли Ханымана. Азербайжан балалар ақыны)


4. Мәтіннен қарамен жазылған сөз, сөз тізбектерін протеза, элизия, редукция заңы бойынша оқып жаттығыңдар да, орфоэпияның басқа да ережелерін сақтап, дауыстап оқып беріңдер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет