3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Сөйлеу тілін дамыту жұмысының міндеттері



бет77/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

5.3. Сөйлеу тілін дамыту жұмысының міндеттері,
мазмұны мен әдістемесі

Балабақшада балақайлармен сөйлеу тілін дамыту және қоршаған ортамен таныстыру сабақтары өткізіледі. Бұл сабақтарда қоршаған ортамен таныстырып, сөйлеу тілін одан әрі жетілдіреді. Кіші топтарда сөздерді қалыптастыру жұмысы, тәрбиелеу грамматикалық (жетілдіру) сөйлеу тілінің дұрыстығын қалыптастыру, көркем сөзге қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі.


Сабақтарды таңертеңгі және кешкі уақыттарда өткізу жоспарланады. Бір бөлімнен тұратын, сабақ саны (заттарды топтастыру дидактикалык ойыны; ертегілер айту; дыбыстарды дұрыс қолдану жұмысы т.б). Мысалы: тәрбиеші балаларды бұрын естімеген ертегілермен таныстырады. Берілген сабақ үшін бұл басты мәселе, бірақ бұл бағдарламаның мазмұны дауыс ырғағымен мәнерлеп сөйлеуді қалыптастырады, сөздікті белсендіреді, дыбыстардың дыбысталуын қалыптастырады т.б.
Екі өзіндік жұмыстан тұратын сабақ, екінші кіші топтарда да өткізіледі. Мұндай сабақтарды комбинацияланған (біріктірілген) деп атайды. Іс тәжірибеде әртүрлі комбинацияланған нұсқалар өзінің оң шешімін берді.

  • көркем әдебиет туындыларын және лексикалық жаттығуларды балаларға оқу;

  • тақпақтарды үйрету және грамматикалык дағдыларды қалыптастырып балаларға оқу;

  • қоршаған ортамен таныстыру және грамматика жағынан сөйлеуді қалыптастыру;

  • дидактикалық ойындар;

  • әртүрлі суреттерді көрсету және ойындар мен жаттығу жұмыстары және грамматикалық дағдылармен нығайту;

  • сөйлеу тілінің грамматикалық жетілдіру жаттығулары, дыбыстардың айтылуын жетілдіретін дидактикалық ойындар.

Балақайлармен жұмыс жүргізу іс тәжірибесінде мына сұрақтарға көп көңіл бөлінеді: ұйымдастыруды барынша қамтамасыз ету және балалардың тәртіптілігін, балалардың жас ерекшелігіне қарамастан сабақтың тиімді өтуіне қалай жету. Бұл мәселелерді шешуге себепші болуы мүмкін:

  1. Оқытылатын әдіс-тәсілдерді ойынмен алмастырып отыру (түсіндіру сияқты, үлгілерді көрсету немесе іс-әрекет тәсілін). Мысалы, тәрбиеші балаларға кірпі туралы өлеңді оқиды, оларға дыбыстың нақты әрі дұрыс айтылуын үйретеді (еліктеу бойынша). «Кірпі, сүт ішкің келе ме?» деген дидактикалық ойынды пайдаланып, дыбыстың дұрыс айтылуына жұмыс жасайды.

  2. Балақайлардың жауаптарын жеке және хормен алмастырып отыру, ауызша қалай айтса, солай қозғалтып. Бұл сабақты түрлендіреді, қимылға барлық балалардың көңілін аударуға, көмектеседі, әрқайсысының сөйлеу белсенділігін едәуір арттырады.

  3. Демонстрациялайтын әртүрлі материалдарды (заттарды) сабақта қолдау (ойыншықтар, заттарды, суреттерді, театр столының фигураларын және т.б.) Әртүрлі ойыншықтар балаларды қуантады әрі көңілдерін көтеруге көмектеседі.

  4. Тапсырманы қолданып орындау арқылы, балалар тұрған тұрысын өзгертіп қозғалады (орындықтың астына үңілу, «жасырылған» ойыншық күшікті іздеу, қаздың мойнының созылуын қимылмен көрсету және т.б). Осындай ойын түрлерінің көпшілігі балаларға жағдайға қарай қозғалуды үйретеді. Бұл сабақты жандандырады, балалақайларды ойын тәсіліне үйретеді.

  5. Тікелей сабақтан кейін тәрбиешінің балалармен арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынасы. Тәрбиешінің шақыртуымен келген балалар сабақта қолданылған ойыншықтарға қарайды, тәрбиешімен еркін сөйлеседі. Сабақта белсенді емес балалар да осындай кезде тәрбиешінің сұрақтарына еркін жауап береді. Бұл сәттерде жеке балалармен немесе бес-алты баладан тұратын топтарда үш-төрт минут ішінде бағдарлама материалдарын қорытындылауға болады. Тәрбиешінің өзі және көрсетіп тұрған заттары балақайларға жақсы көрініп тұруы, әркезде сабақтың сәтті өтуін ерекшелейді. Бір сабақта балаларға орындықта отыру ыңғайлы, ал тұрып тұрғандарға бір-бірінен алыс тұру немесе жарты ай сияқты топтасып тұру қолайлы болады. Қимыл жасағанда балалар бір-біріне соқтығыспайтындай етіп, жеңіл қозғалатын балақайдың қасына салмақты балақайды отырғызу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет