ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе Мәдениет философиясы және теориясы – бұл әлемдік және отандық
мәдениет мәселелерін, оның мәні және дамуы туралы дүниетанымдық-
құндылықтық және теориялық-әдістемелік зерттеулер кешені.
Мәдениет философиясы және теориясының
объектісі –мәдениеттің
пайда болуы мен дамуының мәнін философиялық-теориялық тұрғыдан ұғыну
болып табылады.
Мәдениет философиясы және теориясының
пәні – тарихи мәдениет
типтері мен өркениеттер туралы философиялық-теориялық зерттеулер.
Мәдениет философиясы және теориясы пәнінің
мақсаты – тарихи
кеңестіктегі мәдениет мәні мен дамуы туралы философиялық-әдістемелік
парадигмаларды анықтау.