5В071100 Геодезия және картография мамандығына



бет1/22
Дата18.02.2017
өлшемі2,38 Mb.
#10033
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ОӘК 042-14.2.05.01.20.17/03-2009


№ 1 басылым



беттің






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМК 3 деңгейлі құжат

ОӘК


ОӘК 042-14.2.05.01.20.122/03-2011

ОӘК «Фотограмметрия» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар

1 баспа




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В071100 Геодезия және картография мамандығына

«Фотограмметрия»


пәніне арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2011




Алғы сөз

  1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы – ______________ «02» 09. 2014ж., Аубакирова С.М «Геодезия және құрылыс» кафедрасының аға оқытушы




  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2. Кафедра мәжілісінде «Геодезия және құрылыс»


Хаттама № 1 «02» 09. 2014 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Күдерінова Н.А.

2.2 Факультеттің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды


Хаттама № __ «__» _____ 2014 жыл
Төрайым ____________ Бекбаева Р.С.



  1. БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды


Хаттама № __ «__» _____ 2014 жыл
Төрайым ________________Искакова Г.К.

4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН




Мазмұны
1. Дәрістер.

2. Практикалық сабақтар

3 Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

1. ДӘРІС САБАҚТАРЫ
Дәріс – мақсаты берілген пәннің теорялық дәрістерін қарауда логикалық тұрақты формасы болып табылатын – оқу сабақ формасы.

1 дәріс.


Тақырыбы: Кіріспе. Фотограмметрияға жалпы түсінік.
Фотограмметрия (Фото, гр. gramma — жазу және …метрия) — әр түрлі объектілердің фотосуреттегі кескіні бойынша олардың кеңістіктегі орналасу қалпын, пішінін, мөлшерін анықтау әдістерін зерттеумен айналысатын техникалық пән. Фотограмметрия өңдеулер үшін қажетті фотосуреттер арнаулы фотоаппараттардың көмегімен жер бетінде, ұшақтан, тікұшақтан, ғарыш кемесінен, т.б. түсіріледі. Жазық объектінің мөлшері мен конфигурациясын анықтау үшін жеке фотосуреттерді пайдалануға болады. Ол үшін суретте кескінделген объектінің кем дегенде үш нүктесінің (тірек нүктелері) координатасын білу қажет. Бұл жағдайда суретті оптик. немесе графиктік тәсілмен түрлендіруге және көлденең не тік координаталық жазықтықта түсірілген объектінің ортогонал проекциясына сәйкес келетін кескінді алуға болады. Объектінің әр түрлі нүктелерінің кеңістіктік орналасу қалпын анықтау үшін олардың әрқайсысы кеңістіктің әр түрлі нүктелерінен кем дегенде екі рет суретке түсіріледі. Бұл жағдайда екі суреттің де ішкі және сыртқы бағдарлау элементтерін не ішкі бағдарлау элементтері мен үш тірек нүктесінің кеңістіктік координаталарын білу қажет. Аэрофототүсірім кезінде қажетті тірек нүктелерін фотограмметрия тор (фототриангуляция) құру жолымен анықтауға болады. Фотограмметрия топография карталарды жасауда, орман ш-нда, геология іздеу жұмыстарында, архит. ескерткіштер мен ғимараттардың деформациясын зерттеу кезінде, жол оқиғаларын, мұздықтар қозғалысын, топырақ эрозиясын, теңіз толқуын, тау жыныстарының жатысын зерттегенде, т.б. кеңінен пайдаланылады.

Фотограмметрия пәні суретте түсірілген нысандарды сандық және сапалық сипаттамасын фотосуреттер арқылы зерттеледі.Нысанның сипаттамасы 1 фотосурет немесе бірін-бірі жауып тұратын стерео-пара алынады. Егер нысанды тек қана 1 ғана фотосурет арқылы зерттесе, онда ақпараттардың мұндай түрі фотограмметриялық деп аталады.Егер бір-бірін жауып тұратын 2 фотосурет арқылы зерттелсе, онда ол әдіс ктерофотографиялық деп аталыд. Қазіргі уақытта фотограмметриялық зерттеудің 3 бағыты бар:



  1. Сурет арқылы жер бетінің картографиялау әдісі зерттеледі.

  2. Ғылым мен техника тарапындағы қолданбалы, тапсырмалар шешімімен тығыз байланысты.

  3. Жер нысандары жайлы ақпарат алу технологиясы даму үстінде.

Ай мен күн жүйесіндегі ғаламшарлар ғарыштық ұшатын ақпараттар арқылы зерттеледі.Фотограметриялық және стереофотограмметриялық әдістің негізгі артықшылықтары:

-преционды фотокамера арқылы түсірілетін нысандардың нәтижелерінің өте жоғары дәлдігі, ал өлшеулерді және есептеу процесін жеңілдетеді;

-нысандардың және оның жекелеген бөліктері туралы ақпаратты өте қысқа уақыт аралығында алуға мүмкіндік береді;

Нысанға түсіріс жасау біршама ара қашықтықты әдіс арқылы орындалатын жұмыс өте қауіпсіз жағдайда орындалады.

Қозғалмалы нысандар және аз уақыт аралығында өзгеріп отыратын нысандарды зерттеу мүмкіндігі.

Жоғарыда айтылған артықшылықтармен қатар бұл әдістің кемшіліктері де бар: кортографиялық суреттің сапасы ауа райы жағдайына байланысты және барлық технологиялық поцесстерді зерттеуге арналған геодезиялық –далалық жұмыстар үшін қолайсыз.

Қазіргі заманғы фотограмметрия техникалық ғылым ретінде физика математика циклдарымен тығыз байланысты, сонымен қатар радиоэлектроника, есептегіш техника, құрал құрастырумен тығыз байланысты. Сонымен қатар картографиямен органикалық түрде байланысты. Физиканың жетістіктерімен бірге әрі оптиканың жетілуі арқасында қазіргі заманғы лайық түсіруші және өңдеуші құралыд жасап шығарған. Электроника мен радиоэлектроника, есептегіш техника құрал құрастыру және ғарыштық геодезияның даму жетістіктері ұшақты жүргізумен ғарыш кемелерінің ұшуындағы автоматизациялық процестерге әсер етті.

Химияның арқасында ақ, қара және түрлі түсті фотоматериалдар легі қалыптасты. Ал, математика фотограметрия теориясын анықтауда , сондай-ақ тәжірибелік сабақтарды орындауда кеңінен қолданылады. Астронмия және геодезия саласындағы әдістер , топографиялық карталар мен пландарды жасауда және қолданбалы тақырыптарды шешуде қолданылады. План және карталардың фототүсірілімін әзірлецде және оларды рәсімдеуде картография саласындағы соңғы жетістіктеп пайдаланылады.


Қолданылған әдебиеттер:

8.1.1 Назаров А.С. Фотограмметрия, -Мн.,2006

8.1.2 Обиралов А.И. Фотограмметрия и дистанционное зондирование –М.,2006

2 дәріс



Тақырыбы: Объекті моделі мен түсірістерді өлшеу және бақылау.
Монокулярлы және бинокулярлы көру, түсірістерді стереоскопиялық бақылау, тура, кері және нольдік стереоэффект. Марканы көздеу дәлдігі.

Стереоскопиялық көру,түсіріс пен моделді өлшеу.

Стереоскопиялық көру негізі.


А
лдыңғы бөлімдерден көргеніміздей ең басты мақсатқа жету үшін – фотосуреттер бойынша жергілікті жердің координаталарын анықтау үшін оларды өлшеу қажет. Адамға табиғаттан берілген сезім мүшелерінің ішінен бұған көру мүшесі негізгі мәнге ие. Көз мүшесімен ми арқылы басқарылады. Адамның көзі бұл күрделі де жетілдірілген оптикалық құрылғы (сур. 1). Оның пішіні шар тәрәздес болып келіп 12 мм шамадағы радиусқа тең болады; оның беті үш қабаттан тұрады. Көздің сыртқы қорғаныш қабаты (склера) 1 алдыңғы өзінің бөлігінде жұқа және мөлдір роговицаға 10 ауысады. Склераның астында тамырлы қабат орналасқан 2, ол мөлдір емес құбылмалы қабатқа ауысады 9. Ол түс беретін затқа ие (пигменттер), ол көздің түсін анықтайды. Құбылмалы қабаттың алдыңда қарашық болады 11 (2-8 мм диаметріндегі ауысып отыратын тесік). Ол диафрагма ролін атқарады және көзге келіп түсетін жарық сәулелердің мөлшерін реттейді. Үшінші (ішкі) қабаты 3 көздің ішікі тор қабағы деп аталады және фоторецепторлардан тұрады – жарықсезгіш элементтердің көп саны (шыны сауыт пен таяқшалар), бақылаушының миына өзінің раздрожениесін нерв жүйесі арқылы беру. Таяқшалар қараңғы әлсіз жарықты сезгіш, ал колбачкалар – күндізгі және жарық түске ие және жарықсезгіштікке ие. Көру нервісінің сетчаткаға кіретін жері соқыр дақ 7 деп аталады, ол колбачка мен таяқшаларға ие болмағандықтан, ол жарық раздрожениесіне реакция бермейді. Сетчатка ортасында қарашыққа қарама-қарсы сары дақ 4 орналасқан, яғни ол сетчатканың ең сезніш бөлігі болып табылады. Сары дақтық орталық тереңдігі 5 тек қана колбачкалардан тұрады. Сары дақтың тереңдік диаметрі шамамен 0,4 мм құрады, ал колбочка диаметрі 2 мкм жуық.

Қарашықтың артыңда көздің алдында көз жанары 12 орналасқан және екідөңгелек линза түрінде болады. Ол сетчаткада кішірейтілген, болып жатқан және бақыланатын объектінің кері бейнесін құрады. Сол арқылы, оның мақсаты фотоаппараттың объективіне ұқсас. ПЗС матрица сияқты сетчатка роль атқарады.

Сетчаткада бейненің шағылысуы көз жанарының аккомодациясы арқылы жүзеге асады. Көрінетін зат неғұрлым жақын орналасқан сайын, көз жанарының беті соғұрлым қисық болады. Аккомодацияны көздің бұлшық еттері орындайды 8. Олар күшейтілмеген, егер көрінетін объект шексіздікте болса. Сонымен көз жанарының фокустық арақашықтығы 16 мм жуық тең. Бірақ бұндай арақашықтықта көру ұсақ бөлшектер ескерілмейді. Бөлшектер көрінген кезде және бұлшық еттер күшейтілмегенде оңтайлы. Қалыпты көз үшін бұл шарттар көрудің ең жақсы арақашықтығында орындаладыт (шамамен 25 см).

Роговица мен көз жанары арасындағы кеңістік «сулы ылғалдылықпен» толтырылған, ал көз жанары мен естчаика аралығы – «шынылы ылғалдылықпен» толтырылған 13. олардың сыну коэфициенті шамамен тең болады.

Сары дақтың ойыс ортасынан өткен сәуле және көздің оптикалық жүйесінен артқы байланыс нүктелерінен өткен сәлеле көздің көру осі деп аталады, ал тура көз жанары мен роговица бетіннен қисық центрден өткен сәуле – оның оптикалық осі деп аталады. Бұл өстердің арсындағы бұрыш 5° тең.

Қозғалмайтын көздің көруі өрісі горизонталь бойынша 150° және вертикаль бойынша 120° құрайды. Оның әр түрлі бөліктерінде бейне әр түрлі нақтылықпен қабылданады. Сетцатканың орталық орына түскен заттар жақсы көрінеді.

Көздің жанарының байланыс нүктесінен сары дақ орталық ойыс диаметрі көрінетін бұрыш анық көру бұрышы деп аталады. Ол 1,5° тең.

Екінші ретті монокулярлы көру өткірлігі минималды бұрыш деп аталады, ондағы адамның көзі екі параллель сызықты бөлек көреді. Бірінші ретті монокулярлы көру өткірлігіне қарағанда көп болады және шамамен 20'' тең. Бұл сызық бейнесінің бір емес бірнеше колбачкалар тобымен түсіндіріледі..

Объектіні стереоскопиялық (кеңістіктік) қабылдау ұғымы бар. Ол монокулярлы және бинокулярлы бола алады. .



Монокулярлы көру кезінде бақыланатын заттардыфң алыстауы туралы тек қана жанама белгісі арқылы түсіндіруге болады. Көрсетілген белгілер кеңістіктік тереңдік бағалау монокулярлы көру кезінде жақындатылған, ал кейде арақашықтық туралы береді.

Стереоскопиялық көру бұл кеңістіктік қабылдау , объектіні екі көзбен көргенде пайда болады. Бұндай бақылау бинокулярлы көру деп аталады. бұл жағдайда бақылаушы көдздерін объект бейнесі орталық ойықтарда f1 мен f2 болатындай етіп жасайды, екі көздің сетчаткалары (сур. 2). Сондықтан көздің көру өсі объектінің сол жерінде қиылысады, яғни бақылаушы анық көргісі келетін жер. Көру остерінің қиылысатын нүктесі бинокулярлы көру фиксация нүктесі F деп аталады.



B арақашықтығы сол және оң көздің көз жанары ортасының арасында көз басизы болып табылады. Ол адамдарда әртүрлі және 55 тен 72 мм арлығында тербеледі.

F, бұрышы көру өстері қиылысатын жер конвергенция бұрышы деп аталады.

Конвергенция бұрышының өлшемі L нүктесінен F байланысты. Бұл тәуелділік мына теңдік арқылы анықталады: Эта зависимость выражается приближённым уравнением:



,

(1)

Конвергенция бұрышының абсолютті өлшемі аз дәлдікпен жүзеге асырылады, сондықтан анықталатын нүкте де жуық шамамен анықталады. Параллактикалық бұрыш өлшемін өлшеу конвергенция бұрышына қатысты жоғары дәлдікпен қабылданады. Бұл жағдай басқа нүктелердің өзгерісін фиксация нүктесіне ұатысты жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. адаммен қабылданатын әртүрлік =F-70 болғанда белгіленген. Егер бұл шарт орындалмаса, онда ол фиксация нүктесін өзгертеді..

Конвергенция бұрышы мен арақашықтық өзгеру қатынасын анықтау үшін сәйкесінше (1) жазамыз:





(2)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет