6-сыныпта оқытудың міндеттері



бет74/100
Дата06.02.2022
өлшемі14,01 Mb.
#49062
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100
Байланысты:
6 synyp 204 sag

Сабақтың тақырыбы : Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың ұйымдастырылу түрі : дәріс, есеп шығару
Көрнекілігі : кесте,флипчарттар
Сабақтың мақсаты:
1.Координаталық түзу туралы түсінікті енгізу,оң бағыт, теріс бағыт, рационал санды коорд. түзуде кескіндеуді меңгерту.
2.Логикалық ойлау қабілетін дамыту,іздену-шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Тазалыққа,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырманы тексеру.
3.Логикалық тапсырмамен сабаққа бейімдеу.
4.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
5.Жаңа білімін тексеру.
6.Бекіту. Жаңа тақырыпқа есеп шығару. Жалпылау және жүйелеу.
7. Тексеру, өзін-өзі тексеру.Коррекциялау.
8.Үй тапсырмасымен таныстыру.
9.Қорытындылау,бағалау.
10.Рефлексия кезеңі.
Сабақтың барысы
1.Оқушыларды түгендеу,сабаққа назарын аударту.
2.Үй тапсырманы жалпы тексеру.
3.Ұзындығы 1км. поезд 1км/сағ жылдамдықпен ұзындығы 1км. тоннельден толығымен өту үшін қанша уақыт қажет?
Ш: 2сағат.
4.Жаңа тақырып: Оң сандар мен теріс сандарды және 0 санын түзу бойындағы нүктелермен кескіндеуге болады. Ол үшін: 1. Түзу сызып, оның бойынан О нүктесін белгілеп, оны санақ басы деп аламыз. 2. Бірлік кесінді таңдап аламыз. 3. Оң бағытты көрсетеміз. Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған,оң бағыты көрсетілген түзу.
Координациялық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координациялық түзудің О нүктесінен (санақ басынан )оң бағытта оң сандар кескінделеді.Координациялық түзудегі оң бағытқа қарама-қарсы (солға қарай) бағыт теріс бағыт деп аталып,ол бағытта теріс сандар кескінделеді.
F E D O A B C
-3 -2 -1 0 1 2 3
Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.
5. Қандай сандар оң сандар деп аталады? Мысал келтір. Қандай сандар теріс сандар деп аталады? Мысал келтір. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?
6. Есеп шығару №306/ауызша/ №308
А В С О D E


-5 -4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5


Ш:A(-4),B(-2,5),C(-1),O(0)
№310
Мына нүктелерді белгілеңдер:E(5),P(-4),O(0),T(-7),П(-7),Н(7),Ц(2).
П Р О Ц Е Н
-7 -6 -5 -4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5 6 7
№ 312
4+3+2+1=10 Ж:10 рет амандасты.
№ 314
F(-1), K(-2), N(),P(-),T(1) нүктелерін белгілеңіз.


K F P N Т
-2 -1 0 1 2
7.Жұмыс дәптерінен 2.1 тапсырмаларымен өз білімін тексеру.
8. Үйге тапсырма №307,309,311,313,315
9.Қорытындылау, бағалау.
10.Рефлексия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет