6-сыныпта оқытудың міндеттері


Сынып: 6 Тақырыбы: «Қарама-қарсы сандар»



бет76/100
Дата06.02.2022
өлшемі14,01 Mb.
#49062
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   100
Байланысты:
6 synyp 204 sag

Сынып: 6
Тақырыбы: «Қарама-қарсы сандар».
Мақсаты:

  1. Қарама-қарсы сандар және рационал сандар ұғымын білу

  2. Қарама–қарсы сандар мен рационал сандарды координаталық түзуде таба алу.

  3. Қарама-қарсы сандар және рационал сандарға математикалық аппаратты қолдана алу

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II . Үй жұмысын тексеру. (№ 304, 325).
III. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
Бүгінгі күнді жазамыз. Сынып жұмысы.
1(слайд №2):
Бірлік кесінді ретінде дәптердің 1 тор көзінің ұзындығын алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан: А(5), Р(-6), М(6), В(8), К(-3) нүктелерін белгілеңдер.
(слайд №3):
О нүктесінен К нүктесіне дейінгі қашықтық нешеге тең?
О нүктесінен Р нүктесіне дейінгі қашықтық нешеге тең?
О нүктесінен М нүктесіне дейінгі қашықтық нешеге тең?
Қандай нүктелер санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан?
(слайд №4):
Алия мен Ғалияның тұрған орны координаталық түзудің санақ басы болатын О нүктесіне сәйкес келеді. Олар 6 км қашықтық жүргеннен кейінгі сәйкес келетін нүктелерді табыңдар. (1 бірлік кесінді=1км)
Осы нүктелерге жетулері үшін қыздар қандай бағытта жүрді?
(слайд №5):
Демек, 6 саны мен -6 саны - бір-біріне қарама-қарсы сандар. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?
Анықтама: Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет