Сабақтың тақырыбы: Рационал санның модулі.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың ұйымдастырылу түрі : дәріс, есеп шығару
Көрнекілігі : кесте,флипчарттар
Сабақтың мақсаты:
1. Рационал санның модулі туралы түсінікті енгізу,санның модулін табуды меңгерту.
2.Логикалық ойлау қабілетін дамыту,іздену-шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Тазалыққа,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырманы тексеру.
3.Логикалық тапсырмамен сабаққа бейімдеу.
4.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
5.Жаңа білімін тексеру.
6.Бекіту. Жаңа тақырыпқа есеп шығару. Жалпылау және жүйелеу.
7. Тексеру, өзін-өзі тексеру.Коррекциялау.
8.Үй тапсырмасымен таныстыру.
9.Қорытындылау,бағалау.
10.Рефлексия кезеңі.
Сабақтың барысы
1.Оқушыларды түгендеу,сабаққа назарын аударту.
2.Үй тапсырманы жалпы тексеру.
3. Логикалық тапсырма.
Жұмысшы еңбек ақысын орындаған нормасы бойынша алады. Айдың аяғында нормасын 20%-ке асыра орындағаны үшін 8400 теңге алды.Оған осы айда қосымша есептелген ақшасын табыңыз.
Жауабы: 1400теңге.
4.Координаталық түзу бойынан А(-4) нүктесін белгілеп, А нүктесінің санақ басынан бірлік кесінді есебімен қашықтығын табайық. Координаталық түзу бойындағы А нүктесі санақ басынан 4 бірлік кесіндіге тең қашықтықта.
Координаталық түзу бойындағы санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан /бірлік кесіндімен алғанда/ қашықтығы санның модулі деп аталады. Модуль – абсолюттік шама деп те атайды.
Теріс санның модулі оған қарама-қарсы санға тең. Оң санның модулі сол санның өзіне тең. Нөл санының модулі 0-ге тең. Қарама-қарсы сандардың модульдары тең:
-3 0 3
5. Санның модулі дегеніміз не?
Қандай санның модулі 0-ге тең?
6.№358
№360
-6 0 4,9
№362
х18; -15; -7,8; 16,5; -; 9,2
? 7.Өз бетімен №364,366,368
7.Үй тапсырмасы №357,359.361.363.365.367.369
8. Сабақты қорытындылау: Әр оқушы стикерлерге рефлексия жазып, өздерін бағалайды. Қабырғадағы кестеге стикерлерін өздерінің жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай жапсырады.
№44-сабақ. Рационал санның модулі.