8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет26/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақтың деректік материалдары
Сабақ барысында осы кезең ақындарының басқа өкілдерін қосымша айта 
кету керек немесе қосымша факультатив сабақтарда қамтып, оқушыларға 
толыққанды дерек беру керек. Мысалы, Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы 
көрнекті өкілдерінің бірі Көтеш ақын (1745–1818) Баянауыл аймағында 
туып өскен. Өзінің өлеңдерінде сол замандағы әділеттілік пен әділетсіздікті, 
жамандық пен жақсылықтың ара-жігін, халықтың намысын баяндаған.
Шал ақын атанған Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) Көкшетау өңірінде өмір 
сүрген. Әкесі Құлеке Абылай ханның батырларының бірі, ал анасы Төле бидің 
қызы. Суырып салма ақын ретінде 15 жасында аты шыққан. 
”Мекке менен Медине жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Ата менен анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші”.
”Қорқу емей немене қашқан кісі,
Батыр емей немене шанышқан кісі.
Мың жылқылы байлардан несі кейін,
Оразасын үйінен ашқан кісі.”


23
”Шайы, сиса, асыл қылыш ердің көркі,
Ер жігіт жауға аттанған елдің көркі.
Жарасар әрбір нәрсе өз сәнімен,
Аққу құс айдын шалқар көлдің көркі.
Гүл шешек орман өсіп желкілдеген,
Биік тау, асқар төбе жердің көркі.
Ағайын бір уақыт жақсы болса,
Соныменен табалады елдің көркі...”
Шал ақынның өлеңдерінің тәлім-тәрбиелік мәні зор. Адам бойындағы 
жақсы және жаман қасиеттердің бір-біріне қарама-қайшылығын сипаттайды. 
Жақсы мен жаман мінез құлықтарды ашып көрсету арқылы адам болмы-
сын айқындайды. Ер жігіттің үш түріне жырмен сипаттама бере отырып, ер 
жеткен жігіттің қасиеттерін ашып көрсетеді, “адам қадірі мал, дәулетпен 
өлшенбейді”, – деген. 
Дерек: “ХVІІІ ғасырдың көрнекті ақыны әрі жырауы Тәттіқара еді. Ақын 
қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысты. Жорықтар 
кезінде туған толғауларында ол жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте 
қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырды. Мынадай 
аңыз сақталған: бір жолы қазақ жасақтары жоңғарлармен шайқаста жеңіліске 
ұшырап, шегініп бара жатып, лықсып аққан үлкен өзенге келіп тіреледі. Жа-
уынгерлер өзен жағасында жиналып, одан жүзіп өтуге батылы бармай тұрып 
қалады. Сонда Тәттіқара жауынгерлердің намысын қозғайтын, толғау өлеңін 
суырып салып, өзенге бірінші болып қойып кетеді де, жүзіп өте шығады. 
Оның ізінен басқа жауынгерлерде жүзіп өтеді”.
Деректерді оқи отырып, оқушыларға тарихи дәуірлердегі ақындардың 
шығармашылығы арқылы олардың достық, батылдық, рухшылдық қасиет-
терін одан әрі дамытуға бағыт-бағдар беріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет