8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет2/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ, !! Programma konferentsii IMA-2022 (1), 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ
сабақтың деректі материалдары: 
Халық аса құрметтеп, Әз-Тәуке, Әзиз Тәуке атанған Тәуке ханның ішкі 
қырқыстарды тоқтатып, ел ішінде ты ныштық орнату жолындағы қайраткерлігі 
мен тарихи тұлғасын көрсететін тарихи деректердің үзінділері, мысалы 
Левшиннің, Ш. Уәлихановтың еңбек терінен арнайы топтама дайындау керек.
сабаққа әдістемелік нұсқау:
Сабақтың түрін аралас сабақ түрінде өткізе отырып, интербелсенді сабақ 
(Ойын түрлері; Жеке және жұптық, топтық жұмыстар; Сұрақтар қоюда ын-
таландыру) қолдану керек. 
сабаққа қатысты ескертпелер: 
Мұғалім алдын ала даярлап әкелген жос парының негізінде оқушылардың 
жұмысын ұйымдастырады. Ол жоспарда мынадай мәселелер қаралуы мүмкін. 


4
1. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ қоғамының дамуына жалпы 
сипаттама.
2. “Жеті жарғы” заңы. 
3. Сыртқы жағдайдың күрделенуі.
4. “Күлтөбеде күнде жиын”. 
сабақтың барысы. Мұғалім жалпы XVII–XVIII ғасырдың ширегінде қазақ 
қоғамының одан әрі бірігу, тұтастану үдерісінің орын алғандығын баяндайды. 
Хан биілігі нығая түсуін, осы кезеңдегі көшпелі аймақтармен қатар Ташкент 
жазирасымен бірге 32 қала және олардың маңындағы аймақтардың қазақтарға 
бағынуының тарихы маңызын әңгімелейді. Тәуке ханның ел бірлігін нығайту 
жолындағы еңбегіне баға береді. “Жеті Жарғы” заңы туралы дайындалған 
слайд арқылы қосымша материалдарға (Левшиннің, Ш.Уәлихановтың және 
т.б. еңбектері) сүйене отырып, қазақ хандығының ішкі бірлігі мен қуатының 
артқандығын көрсетуге ұмтылуы қажет. Мұғалім сабақ барысында аталған 
кезеңдегі қазақ хандығының ішкі дамуының жетістіктеріне қарамастан 
жағдайдың күрделене түсуінің себептеріне тоқ талады. Әсіресе, сыртқы 
қауіптің ішкі жағайға қалай әсер еткендігін, Тәуке хан билігінің соңғы 
жылдарындағы ішкі алауыздықтың күшеюі елді болашақта қандай қауіп-
қатерге алып келгендігіне баса назар аударуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет