8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет5/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ, !! Programma konferentsii IMA-2022 (1), 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ
сабақтың барысы. 
Мұғалім 1723 жылы қазақ билеушiлерi арасындағы өзара алауыздықты 
пайдаланған жоңғардың қалың қолы қазақ жерiне тұтқиылдан баса көктеп 
кiруі әйгілі “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасына әкеліп 
соққандығын әңгімелейді. Одан әрі Қожаберген жыраудың “Елім-ай” жыры 
арқылы халық басына түскен қасіретті жеткізуге ұмтылады. Мұғалім 
қазақ халқы қаншалықты қасіретті басынан өткеріп, жойылудың аз-ақ 
алдында тұрғанымен, ел мен жері үшін, болашақ үшін қайтадан бас қосып 
басқыншыларға қарсы тiзе қосып, бас біріктіруінің маңыздылығына баса 
назар аударады. 
Білімді бағалау мүмкіндіктері: 
Жоғарыда көрсетілген негізде білім алған оқушылар 3 топқа бөлініп 
жұмыс жасайды. 1-топ “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасының 
барысын әңгімелей отырып, қазақтың Үш жүзінің жауға шыдамай босуының 
бағыттарын картадан белгілейді. 2-топ “Ордабасы” жиынының тарихи маңызы 
туралы жаза отырып, оның өткен орнын картадан белгілейді. 3-топ Бұланты 
шайқасының өткен орнын картадан көрсете отырып, шайқастың тарихи 
маңызы туралы қорытынды жасайды. 
Мұғалім топқа бөлінген оқушылардың білімдерін бекіту үшін төмендегі-
дей сұрақтар қояды: 
1. Неліктен 1723 жылғы оқиға “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” 
деп аталды?
2. Қазақ жүздерінің 1723 жылғы қасіретке ұшырауының себептері неде?
3. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” жыры несімен құнды?
Қосымша тапсырма: 
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары туралы ауыз әдебиеті 
үлгілері мен қосымша материалдарды пайдалана отырып эссе жазыңдар. 
§3. жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастыру
сабақтың мақсаты:
7.3.1.2 - Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.1.1 - Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар 
басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру. 
зерттеу сұрағы: 
Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет