А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет169/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати
English File Pre-intermediate Student’s Book
ҮСТЕУ 
Наречие 
Үстеу – іс-қимылдың, амал-әрекеттің белгісін, жай-күйін, мезгілін, 
мекенін, мөлшерін білдіретін сөз табы. Үстеулер қалай? қанша? қашан? 
қайда? қайдан? сұрақтарына жауап береді. Сөйлемде пысықтауыштың 
қызметін атқарады. Кейде зат есім сияқты түрленіп, басқа да сөйлем 
мүшелерінің қызметін атқарады. Мысалы: Еріншектің ертеңі бітпес. 
1. Үстеулер 
тұлғасына қарай
(по способу обарзования) 
негізгі
(непроизводные) және 
туынды
(производные) болып екі топқа бөлінеді. 
Негізгі түбір үстеулер деп құрамы жағынан бөлінбейтін, негізгі түбір 
сөз арқылы іс-қимылдың, амал-әрекеттің түрлі белгісін білдіретін сөздер 
аталады. Негізгі үстеулер: қазір, бүгін, таңертең, ерте, кешке, әуелі, кеше, 
мана, бағана, ілгері, кері, әрмен, бермен, шапшаң, жорта, әдейі, қасақана


177 
дереу, мүлде, өте, тым, ең, нағыз, үнемі, бұрын, кеш, аса, әрі, бері, дәл, сәл, 
тез, жиі, тым, әрең, тіпті, үнемі. 
Туынды түбір үстеулер деп басқа сөз таптарынан сөзжасамдық 
жұрнақтар арқылы, сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалған үстеу 
сөздер аталады. Туынды үстеулердің жасалуы (образование производных 
наречий): 
І – жұрнақтар арқылы: 
-ша/-ше – адамша (сөйлейді), жаңаша (ойлайды), балаша (күлді), 
көзінше (айтты), бұлбұлша (сайрады); 
-лай/-лей, -дай/-дей, -тай/-тей – ақшалай (берді), осылай (жауап бер), 
шикілей (әкелді), тікелей (хабар), таудай (болды), үйдей (көп), күздей 
(дайындалды), аттай (шапты), жастай (үйленді), жібектей (созылды); 
-дайын/-дейін, -тайын/-тейін – тотыдайын (таранған), бұлақтайын 
(сылдырлап), сұңқардайын (сыланған), бөрідейін (жол тартып), түлкідейін 
(түн қатып); 
-шама, -шалық – осыншама (сөйледі), осыншалық (жүгіру), соншама 
(көп), соншалық (қуанды); 
-шылап/-шілеп – айтшылап (жүру), сиыршылап (кетті), итшілеп (күн 
көру), малшылап (жүр); 
-майынша/-мейінше, -пайынша/-пейінше – оқымайынша (жауап 
бермейді), 
тыңдамайынша 
(айтпайды), 
айтпайынша 
(келмейді), 
естімейінше (бармайды), көрмейінше (сенбейді), кетпейінше (тыныштық 
жоқ); 
-қары/-кері/-гері – сыртқары (сыртқа таман), ұшқары (ұшына дейін), 
ішкері (ішке таман), ілгері (алға қарай); 
-ын/-ін, -сын/-сін – жасырын (тұрды), үстіртін (жауап берді), жазын 
(күтті), ертеңгісін (келеді), кешкісін (барады). 
ІІ – көнеленген септік жалғаулары арқылы: 
Барыс септігі: жатқа (айтты), артқа (жылжыды), босқа (жүрме), кешке 
(қайт), текке (ұрысты), зорға (көтерді), алға (шықты), бірге (келді); 
Жатыс септігі: баяғыда (болыпты), қапыда (қалды), аңдаусызда 
(сөйледі), лезде (өтті), күнде (жауап берді), артта (қалды), түнде (жүрді); 
Шығыс септігі: шалқасынан (құлады), тосыннан (сөйледі), шетінен 
(тарады), кеңінен (әңгімелесті), артынан (сөйледі), кенеттен (қайтыс 
болды), шарасыздан (жылады), әуелден (білді), бірден (жауап берді); 
Көмектес септігі: ретімен (санады), шынымен (ойлады), кезекпен 
(барды), жөнімен (сөйледі), жайымен (жүрді), көзімен (көрді), құлағымен 
(естіді). 
ІІІ – сөздердің бірігуі арқылы туынды түбір үстеулер жасалады. 
Мысалы: әжептәуір, әлдеқашан, биыл, былтыр, таңертең, қыстыгүні, 
жаздыгүні, солғұрлым, түнеугүні, ендігәрі т.б. 
ІV – туынды түбір үстеулер сөздердің қосарлануы арқылы да 
жасалады: бостан-босқа, оқта-текте, енді-енді, анда-санда, жата-жастана, 


178 
бірте-бірте, әлсін-әлі, үсті-үстіне, бет-бетіне, ертелі-кеш, ауызба-ауыз, 
қолма-қол.
2. Үстеулер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет