А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет25/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати
English File Pre-intermediate Student’s Book
 
5-сабақ 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕТЕЛДЕРДЕГІ 
ӨКІЛДІКТЕРІ 
 
1-тапсырма. Мына сөздерді қалай түсінесіз: 
 
көп векторлы саясат, байсалды саясат, екі жақты, көп жақты қарым-
қатынастар, алыс-жақын шет мемлекеттер. 
2-тапсырма. Мына тіркестерді пайдаланып, сөйлем құраңыз:
бейбітшілікті қорғау, бейбітшілікті қолдау, бейбіт қатар өмір сүру, 
бейбіт сүйгіш елдер, бейбіт өмірді аңсау, бейбітшілікке және өзара 
түсіністікке қол жеткізу. 
3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
 
ЕЛДЕР ЖӘНЕ ЕЛШІЛЕР 
Жетпіс жылдан астам уақыт бойы сыртқы саясат Мәскеу арқылы 
жүргізіліп келгені белгілі. Кремльдегі «ақсақалдар» не айтса, сол дүйім 
елге дәрі болып, әлемге сол қалпында тарайтын еді. Қазақ жерінде туып 
өскен дипломаттардың саны некен-саяқ қана болды. Жалпы бұл салада 
жұмыс істейтін мамандардың дені славян халықтарынан шықты. 
Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 
республикамыздың көп векторлы және байсалды саясатын әлемге 
танытуда едәуір еңбек сіңірді. 


26 
Жетпіс жыл бойы Қазақстаннан бар-жоғы жоғары жеті-ақ мәмлегер 
(дипломат) шықса, тәуелсіздіктің алғашқы жеті жылында елшілер қатары 
үлкен корпусқа айналды. 
Бүгінгі күні Қазақ елінің тәуелсіздігін жер шары мемлекеттерінің 
басым көпшілігі мойындады. Осы жылдар ішінде әлемнің барлық 
құрлықтарындағы 112-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас 
орнатылды. 34 мемлекетте Қазақстанның елшіліктері, 31 мемлекетте 
консулдықтар еліміздің байсалды саясатын іске асыруға ұйытқы болып 
отыр. Елден жырақта жүрген отандастарымыздың қатары білікті де 
білімдар мамандармен жыл сайын толықтырылуда. 
Ал Қазақстанда алыс-жақын 44 шет мемлекеттің елшілігі, 3 
консулдығы жұмыс істеуде. Бұдан басқа 20 халықаралық ұйымның 
өкілдіктері бар. 
Қазақ елінің жаңа орталығына 8 елшілік пен олардың бөлімшелері 
қоныс аударды. Қазір күннен-күнге құлпырып, көз тартар келбетке ие 
болып келе жатқан Астананың әр бұрышынан Қазақ еліне достастықпен, 
ізгі ниетпен аяқ басқан халықтардың өкілдіктері – елшіліктері бой 
көтеруде. 
Қазақстанда тұрақты елшіліктерін ұстамаққа ниет білдірген 
мемлекеттер қатары молайып келеді. Ондайға жағдайы жоқ елдер 
өздерінің Ресейдегі дипломаттарын біздің республикаға тіркеп отыр. 
Жақында Мәскеудегі Кувейт мемлекетінің елшісі Астанада жұмыс істеуге 
тіркелді. 
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қатарындағы туысқан көршілес 
республикалармен де екі жақты, көп жақты қарым-қатынастар орнатылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет