А. Амангелді, С. Симбаева


-тапсырма. Мәтін бойынша өз пікіріңізді айтыңыз



Pdf көрінісі
бет33/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати
English File Pre-intermediate Student’s Book
5-тапсырма. Мәтін бойынша өз пікіріңізді айтыңыз. 
6-тапсырма. 
Айналамыздағы 
қоршаған 
адамдардың 
әрекеттерінен мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасы 
азаматтарының өз міндеттерін қалай өтеп жүргендері туралы 
пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. 
 


34 
7-тапсырма. Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз. 
1. Халқымыздың ежелден келе 
жатқан дәстүрлі түсінігі бойынша – 
... 
1 қылмыс деп танылады. 
2. Біреудің сыртынан мәлімет 
жинау үшін, ... 
2 деген мақалы арды аса қастерлеудің 
көрінісі болып табылады. 
3. Заң адамды басқа біреудің ... 
3 Отан қорғау ең қасиетті борыш 
болып табылады. 
4. Заң бойынша, біреуді қорлау – ... 4 адам мен азамат құқықтарының 
қорғалуын қамтамасыз етуге басты 
назар аударады. 
5. 
Қазақстан Республикасының 
Конституциясында халық ұғымы ... 
5 барлық ұлттық топтарды түгел 
қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси 
құбылыс ретінде қарастырылады. 
6. Өзін өркениетті қоғам деп 
санайтын кез келген мемлекет ... 
6 оның өзінің келісімі керек, мұндай 
мәліметті сақтаудың және пайдала-
нудың реттілігін білу керек. 
7. Қазақ халқының «малым – 
жанымның садағасы, жаным – 
арымның садағасы» ... 
7 күш көрсетуінен сақтап отырады. 
8-тапсырма. Жағдаяттар бойынша сөйлеңіз. 

сот немесе тергеуші өзінің қызмет бабын пайдаланды. 

айыпталушыдан күш жұмсау арқылы айғақ алынды. 

бір азамат екінші азаматтың құқығы мен бостандығына нұқсан 
келтірді. 
9-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Құқық және мемлекет, адам бостандығы, заң бұзушылық, құқық 
қорғау ұйымдары, заң алдындағы теңдік. 
АДАМ ЖӘНЕ ЗАҢ 
Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамды 
заңмен басқару үшін нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін 
ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет 
ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі 
Конституция болып табылады.
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып 
дамиды. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері, мемлекеттік 
басқарудың формалары анықталады. Азаматтардың негізгі құқықтары, 
бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Сонымен Мемлекет пен 
қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің 
қайнар көзі болып табылады.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститу-
циялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект 


35 
ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – 
Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда 
тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы 
қабылданды. Бұл заң өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өз 
миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан 
Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік 
және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар 
ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және 
азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің 
әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың 
құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген. 
Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық 
ұлттық топтарды түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде 
түсіндіріледі. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен 
қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция 
адамдарды мүліктік жағдайына қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік 
топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды. Конституция мемлекетті 
әлеуметтік деп, яғни бүкілхалықтық деп таниды. Мұның мәні: мемлекет 
халықтың бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық 
бермейді.
Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында «халық» деген ұғымға 
қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де 
кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік 
базасының ұйытқысы болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, 
әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді. 
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп санауға 
болмайды. Өйткені ол – қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның 
байырғы тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік 
мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға 
тапталған болып шығар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет