А. Амангелді, С. Симбаева


-тапсырма. Ережелерді есте сақтаңыз



Pdf көрінісі
бет30/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати
English File Pre-intermediate Student’s Book
 
2-тапсырма. Ережелерді есте сақтаңыз. 
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және 
қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Азаматтық деп 
белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтарды 
пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары 
мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін 
айтамыз. 
Құқықтық мемлекет дегеніміз – құқық жүйесі қалыптасқан, заң 
бәрінен жоғары тұратын, заң талаптарының барлық субъектілерге 
міндеттілігі қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдар мен 
мекемелердің қызметі түгелдей қабылданған заңдарға негізделіп 
жүргізілетін мемлекет. 
3-тапсырма. Сөздерді аударып, есімді және етістікті тіркестер 
құрастырыңыз.
Құқық, тарихи деректер, дәстүр, тайпа, ру, заңдылық, реттеу, заңды 
мүдде, қамтамасыз ету, күштеу құралдары, қайшы келмеу. 
4-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз. 
Халықаралық құқық, құқықтық мемлекет, халықаралық қылмыстық 
құқық, құқықтық реттеу, адам құқығы, құқықтық қатынас, конституциялық 
құқық. 
5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, таныс емес сөздерді сөздіктен 
қараңыз. 
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ 
Халықаралық құқық қоғамның даму барысында пайда болды. Тарихи 
деректерге қарағанда, алғашқы қауымдар мен тайпалар өздерінің ең 
бастапқы даму кезеңдерінде-ақ әрқайсысы жеке өмір сүрмей, жазылмаған 
рулық заңдармен қарым-қатынас жасаған. 


31 
Халықаралық құқық ұғымының алғашқы мағынасы халықтар 
арасындағы құқық (jus inter gentes) дегенді білдірген. Халықаралық 
құқықтың бірінші нормалары мемлекеттер қалыптасқанға дейін алғашқы 
қауымдық құрылыс кезінде пайда бола бастаған. 
Археологиялық қазбалар көрсеткендей, тайпалардың одақтық 
байланысы сыртқы жаулардан қорғануды ғана білдірген жоқ, сонымен 
қатар тағы да басқа көптеген қарым-қатынас нормаларын қамтыды. Ал 
бұлар өз ретінде уақыт өткен сайын құқықтық дәстүр түрінде көрінуіне 
әкелді. 
Халықаралық құқық – адамзат қоғамы дамуының нәтижесі. 
Халықаралық құқықтың даму заңдылықтары халықаралық қатынастардың 
заңдылықтарына сәйкес болады. Халықаралық қатынастардың әсерінен 
халықаралық құқық қалыптасып қана қоймайды, керісінше ол 
халықаралық қатынасқа белсенді ықпал етеді. 
Халықаралық құқықтың реттеушілік қызметі мемлекеттердің бұзуға 
болмайтын ережелерді қабылдауынан көрінеді. Бұл ережелерсіз 
мемлекеттердің бірлесіп өмір сүруі және қатынасуы мүмкін емес. 
Мемлекеттер жүріп-тұрудың белгілі бір ережелерін қолданады. Осы 
ережелерден халықаралық құқықтың қамтамасыз ету қызметі көрінеді. 
Халықаралық құқық мемлекеттердің заңды құқығы мен мүддесін 
қорғайды. Бұл – халықаралық құқықтың қорғаушылық қызметін қалып-
тастырады. 
Халықаралық қатынастарда мемлекеттерге үстемдік ететін күштеу 
құралдары халықаралық құқық нормаларында болмайды. Бұл – 
халықаралық құқықтың ерекшелігі. Бірақ қажет болған жағдайда 
халықаралық құқықтық тәртіпті қолдауды қамтамасыз ету үшін 
мемлекеттер өздері ұжымдық түрде келісіп, күштеу құралдарын қолдануы 
да мүмкін. 
Сыртқы саясат мемлекеттің халықаралық істерінің жалпы бағытын 
айқындайды. Дипломатия – сыртқы саясатты іске асырудың ең маңызды 
құралы. Дипломатиялық қызмет пен сыртқы саясат халықаралық құқыққа 
сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттердің жүргізіп отырған сыртқы саясатының 
әсері халықаралық құқықтан байқалады. Дипломатия – халықаралық 
құқықтың нормаларын жасаудың маңызды құралдарының бірі. 
Халықаралық қатынастар жүйесі халықаралық құқық пен дипломатияның 
және сыртқы саясаттың диалектикалық бірлігі мен өзара іс-әрекетінен 
тұрады. Бірақ сыртқы саясат пен дипломатия халықаралық құқықтың 
жалпыға бірдей танылған принциптеріне қайшы келмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет