2020-2021 оқу жылында тарих пәндері бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарында жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары енгізіледі. «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
тарихи пәндер мазмұнының қөлемі тақырыптық бөлімдерді біріктіру арқылы ықшамдалған;
тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи процестер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;
тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс- тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
Сондықтан, жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады: Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс: