А. Соловьева, Б. Ибраимова


5-бөлім. зАТТАРДың ТАСыМАлДАНуы



Pdf көрінісі
бет60/252
Дата24.10.2023
өлшемі5,1 Mb.
#188074
түріКнига
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   252
Байланысты:
Биология 《8》

71
5-бөлім. зАТТАРДың ТАСыМАлДАНуы
 
§16. Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы 
Лимфа жүйесінің қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара
байланысты сипаттау
Қандай жануарларда ең алғаш қан және қан айналым жүйесі пайда бол-
ды?
Адам ағзасының ішкі ортасы 
негізгі үш сұйықтық тан: қан, лимфа,
ұлпа сұйықтығынан тұрады. Осы үш сұйықтық тың біртұтас жүйе ретінде 
өзара әрекеттесуі эволюция барысында қалыптасты. Аталған әрбір 
сұйықтық өзіне тиесілі рөлді атқарады және құрамы соған сәйкес бола-
ды. Ағзаның осы үш сұйықтық ортасының өзара әрекеттесуі дене жасу-
шаларын барынша оттекпен әрі қоректік заттармен қамтама сыз етуге 
және оны шлактан (тіршілік әрекетінің қалдықтары – зиянды заттардан) 
тазартуға бағытталған. 
гомеостаз. 
Ағза үнемі әртүрлі: температураның өзгеруі, ағзаға түрлі 
заттардың түсуі, дене жүктемесі, ауру тудыратын микробтардың енуі, 
ұйқы мен сергектіктің ауысуы және т.б. әсерге ұшырап отырады. Ағза 
өзін сақтау үшін тіршілік көрсеткіштерін белгілі бір деңгейде ұстауы ке-
рек. Бұл құбылыс 
гомеостаз­
деп аталады. 
Гомеостаз­
– қоршаған ортаның 
өзгеруіне қарамастан ағзаның өз көрсеткіштерінің тұрақтылығын 
сақтайтын жалпы қасиеті. Гомеостаз тек жеке ағзаларға қатысты емес. 
Мысалы, табиғи экожүйелерде өсімдіктер, шөпқоректі және жыртқыш 
жануарлардың саны тұрақты болады. Бұл экожүйелердің сақталуына 
мүмкіндік береді. 
Физиологиялық­гомеостаз
– қарапайымдардан бас тап 
көпжасушалы ағзаларға дейін әрбір ағзаға өзгермелі қор шаған ортада 
тіршілік көрсеткіштерінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. 
Гомеостаз механизмі ағзаның сұйық ортасы арқылы жүзеге асырылады. 
Ағзаның сұйық ортасы. 
Қан­
– сұйық дәнекер ұлпасы. Ол қан тамыр-
ларында болады, қызыл түсті. Ағзада шамамен 5 литр қан бар. Қанның 
басты қызметі – зат тасымалдау.
1. Өкпеден дене жасушаларына оттекті және дене жасушаларынан 
өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды. 
2. Асқорыту мүшелерінен (ашішектен) дененің барлық жасуша-
ларына қоректік заттарды тасымалдайды. Қан қорытылған нәруыздар 
мен көмірсулардың құрамбөлікте рін ғана тасымалдайды. Майлардың 
құрамбөліктерін лимфа тасымалдайды. 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


72
3. Зиянды заттарды дене жасушаларынан бөліп шығару мүшелеріне 
(бүйрекке), теріге және өкпеге тасымалдайды. 
4. Гормондарды ішкі секреция бездерінен бүкіл ағзаға тасиды. 
5. Бұлшық еттен, бауырдан, асқазан-ішек жолдарынан өкпе мен 
теріге жылуды тасымалдайды. 
Қан тамырлары тармақталғанымен адам ағзасының әрбір жасуша-
сына бармайды. Қан мен дененің барлық жасушалары арасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет