А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Тұтану және өздігінен тұтану температурасы



Pdf көрінісі
бет32/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
3.6.2. Тұтану және өздігінен тұтану температурасы 
Жану температурасын анықтау кезінде қоспа жарқ етіп жанады да, сол 
бойда сөніп қалады. Егер сұйықтықты әрі қарай қыздырса, онда қоспа тағы 
да жарқ етіп жанады және біраз уақыт бойы жайлап жанып тұрады. Осыған 
сәйкес келетін ең төменгі температураны 
тұтану температурасы 
деп 
атайды. Тұтану температурасын ашық тиглде анықтайды. 


44 
Егер мұнай өнімдерін жоғары температураға дейін қыздырып, ауамен 
араластырса, ол жалын тигізбей-ақ өздігінен тұтануы мүмкін. Мұндай 
температураны 
өздігінен тұтану температурасы
деп атайды. Өздігінен 
тұтану температурасы мұнай өнімінің буланғыштығынан емес, оның 
химиялық құрамынан байланысты. Ең жоғары өздігінен тұтану 
температурасы ароматты көмірсутектерге және ароматты көмірсутектері көп 
мұнай өнімдеріне тән, ең төмені – парафиндерге тән.
Көмірсутектердің молекулалық массалары жоғары болған сайын 
олардың өздігінен тұтану температурасы төмен болып келеді, себебі ол 
көмірсутектердің тотықтырғыштық қабілетіне байланысты болады. 
Өздігінен тұтану температурасы ГОСТ 13920-68 бойынша ашық колбада 
анықталады. Өздігінен тұтану температурасы жану және тұтану 
температураларынан жүздеген градусқа жоғары болады. 
Төменде кейбір көмірсутектер мен мұнай өнімдерінің өздігінен тұтану 
температуралары келтірілген: 
Көмірсутектер
Т
ө.т. 
Мұнай өнімдері 
Т
ө.т. 
Гексан
Циклогексан 
Бензол
261,6 
270,0 
591,7 
Бензин 
Реактивті отын 
Дизель отыны 
Мазут
400-450 
360-380 
320-380 
280-300 
Мұнай өнімдерін сақтайтын ыдыстардың дұрыс жабылмауы салдарынан 
олар өздігінен тұтанып көп жағдайда өрт болады.
3.7. Мұнай және мұнай өнімдерінің оптикалық қасиеттері 
Мұнай және мұнай өнімдерінің 
оптикалық қасиеттеріне 
түсі, жарық 
сәулесін сындыру коэффициенті, меншікті рефракция, оптикалық тығыздық 
және оптикалық белсенділік жатады. Бұл көрсеткіштердің барлығы 
заттардың химиялық табиғатынан өте тәуелді болады, сондықтан мұнай 
өнімдерінің оптикалық қасиеттері олардың химиялық құрамын жанама түрде 
сипаттай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет