Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз


Қонақпен күнді батырып, Қонақ боп атып таң нұры



бет12/58
Дата02.02.2023
өлшемі164,75 Kb.
#167189
түріПоэма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
, Создать Документ Microsoft Word, проведение челленджа видеороликов Мой тревожный чемоданчик

Қонақпен күнді батырып,

Қонақ боп атып таң нұры.

Тұратын еді шақырып,

Әжемнің аппақ жаулығы.

Қазақтың тағы да бір дара қасиеті, дана сипаты – зерттеушілер зерделеген, әлем халықтары мойындағаны — мол дастарқандық, қонақжайлылық. Қонақсыз жаны жай таппайтын, ішкен асы бойына сіңбейтін ел-жұртымыздың бар болмысы айшықтанып тұр. Әже — ыстық ықылас, кең пейілімен, шайы қайнаулы, шәйнегі оттан түспеуімен ырыс-береке ұйытқысы. Ақ жаулығы – үлкен–кішінің магнит өрісі, балды дәміне шақыртқы. Бүгінде сол көненің көзі де, өзі де кетіп, жаңа төлдің орын басқандығын жеткізеді. Ауылына аңсап-сағынып барғанда алдынан шығар анасы, қарсы алар қара шаңырағы жоқтығына мұңлы, бауыр басқан босағасынан бір ұрттам су ішуге шөліркеулі. Қара шаңырақ — бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса азамат азады. Осыны түйсінтеді. “Ат ерттеп жатқан жас жігіт, жарамады үйге кір деугесі” салт-дәстүрдің жұтағандығы, сәлемнің сатулығы, үлкенге — ізет, кішіге – құрметтің тапшылығы. Бұл уақыттың өзгерісі, заманның тарту-таралғысы. Алайда белгісіз жігітті жазғыруға жоқ. Дегенмен ақын ата-дәстүрін жоғалтуды ар санайды, тектілік ұстанымдарын тоздыруға қарсы. Бұл ретте ақынның жалғыз бөлмелі лашығы – Аяз бидің есік маңдайшасына іліп қойған малақайындай қадірлісі, көңіл төріндегі көнесі. Ақ жолдан адастырмас, желпіндіріп желіктірмес, өткенін ұмыттырмас елеп-екшер қалбыры, ақыл мизан өлшемі. “Ақ кимешек көрінсе” осы ойды екшейді. Ақ жаулық пен ақ кимешек аналардың ажар көркі, белгісі ғана емес, жаныңа шуақ құяр, бауырына басар жылылық көзі, қарттықтың, этикеткасы боп елестейді. Ғалым Қ. Алпысбаев: “Ақын жырларының ешқандай алабөтен насихатсыз жүректерге жол тартуы сондықтан. Ұлттық рух мәңгілік. Ақын рухының онымен ұштасуы шығармашылық бақыт” деуі соның дәлелі.
Жалпы, Әже жайлы өлең жазып, прозаға қосу – тек осы ХХ ғасырда қолға алынды. Өйткені әженің қоғамдағы орны ерекше болғанмен, оған көңіл бөлушілер аз болған. Бірінен соң бірі жалғасқан тарихи өзгерістер әдебиет өкілдерін тарихи әлеуметтік жағдайдан өзгеге бет қаратпады. Халық басындағы ауыр жағдай, отарлау үдерісі, жер мәселесі, әйел теңсіздігі, жаңа заман жаңалығы секілді мәселелер осы кезге дейінгі әдебиетшілердің тақырыбына айналды. Мысалы:
Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты – Тоқбала екенін біле жүргеніміз жөн. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. « – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың әжесі – Зеренің ұлағатты әң­гімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?!
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайт­қанда» дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық бағалады. Бұ­ның әжесі бір түрлі шебер әңгі­меші екен. Қызық сөйлейді. Әң­гіме­сі­нің барлық жерін дәмді ғып, қы­зықтырып айтады. …Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қо­рығы», «Құла мерген» – бәрі де ай­тылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел іш­ін­де Зеренің жасынан бергі көр­­гені, естігені жайындағы әңгі­ме­лер. Ел мен елдің шабысы, та­ласы жайында бірталай күндер айтты. Абай қажымай, жа­лық­пай ылғи ғана ынтыға



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет