Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз



бет13/58
Дата02.02.2023
өлшемі164,75 Kb.
#167189
түріПоэма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
, Создать Документ Microsoft Word, проведение челленджа видеороликов Мой тревожный чемоданчик

тыңдайтын.
Зере ел шабысын әңгіме еткен­де, сол істердің бәрін ел ба­сына әлек салған, ұлардай шу­лат­қан кесел күндей айтатын. Кіш­кентай күнінен ертек-әңгі­мені көп сүйе­тін бала осы жазда, тіпті көп есітіп, көп біліп ал­ған сияқты» деп келетін жолдар бар ғой. Бұл бала Абайдың дана Абайға ай­налуына әсер еткен мысалдың бірегейі десек те болады..

Осы мысалдың өзі-ақ, «Әже» тұлға­сы­ның қоғам­да­ғы рөлін айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп Шоқанның әжесі Айғаным Сарғалдаққызы үш жүзге бірдей аты тараған, көркіне ақылы сай, білімді, парасатты әйел болған. Әрі жасөспірім Шоқанның өз құралпыластарына қарағанда сана-сезімінің ерте оянып, рухани әлемінің асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің бірі – Айғаным. Ә.Марғұланның «Айғаным Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы болған» деуі сондықтан. Яки, болашақ ғалымның сан-салалы ілім мен ғылымның қайталанбас қайраткері болып қалыптасуына жасынан бойына сіңірген жан-жақты тәлім-тәрбие мен туып-өскен ортасының да игі әсері тиген.
Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тәрбиелеуде ең алдымен әжесі мен оның әкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.
Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып халық таңдаулылары жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз майталмандары, күміс көмей, жез таңдай әншілер, ғалымдар, алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының көрнекті өкілдері жас Шоқанға ерекше әсер етті.
Қазақ халқының маң­да­йы­на біткен асыл ұлдарының бірі Шо­қан Уәлихановтың аза­мат­тық бол­мысының өз тұстас­тарының ара­сынан дараланып шығуына, ішкі күш-қуаты мен асқақ рухының ерте жетілуіне, көкірек көзінің ашық болуына оның әжесі – Айғаным­ның берген тәрбиесі айрықша ықпалын тигізді. Айғаным әженің өне­гесін моншақтай етіп тізіп беретін небір мысалдар жетерлік.
Айғаным тоғыз бала тапқан, со­ның жетеуі тірі қалған. Үлкені – Шыңғыс, Шыңғыстан туған Шоқан. Айғанымның мекен-жайы­ның жұрты қазіргі Көкшетау облысы, Володарский ауданы Сырымбет ауылына таяқ тастам жерде.
Көнеден жаңаға бет алған әжелер образы қазақ халқының салт-дәстүрімен, тәлім-тәрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің рөлі айтарлықтай. Бесікке салу, бесік жырын айту, шілдехана секілді салт-дәстүрге әже тікелей қатысты. ХVІ-ХVІІІ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр әжелеріміз өзінің жерін қорғаған. Сол заманның өзінде-ақ қоғамдағы әжелер орны айқындалғанын байқатады.
Қазақ қоғамында әулетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс тез­ге салуда, жеткіншіктерді жас­­тай­ы­нан адами келбет ауанынан алыс­татпай тәрбиелеу үрдісінде ақ жау­лықты «әжелер мектебінің» алар орны қашан да бір төбе бол­ған ғой. Әжелер – барлық тәрбиенің, бар­лық құндылықтың бастауын­да тұ­рады. Әрине, ежелден қазақ халқының нәзік жан­дылары таққа отырып, ел бас­қар­маған, ерінен бұ­рын сөз бас­тамаған. Осылайша әжелер өнегесі – ұр­пақ­тан-ұр­паққа ұласып, ғасыр­дан-ғасырға жалғасатын тәрбие­нің тау­сылмас қайнар көзі болып саналады.
Обал, са­уап, ынсап, парыз, аманат, бо­рыш, қанағат секілді ұғ­ымдар ма­ңы­зының айқындалып, бала сана­сына тереңнен сіңуіне де әже ық­палының айрықша бол­ғаны да айдан анық. Яғни әрбір отбасын­да­ғы әже тұлғасы – ұлы өнеге бұлағы.
XVI-XVIII ғасыр­ларда-ақ айқындалып қойған емес пе еді?! Дана әжелердің қоғамдағы орны – XX ғасырдағы қазақ про­засында анық көрініс табуына да елеулі әсер еткен. Бұл мысал­дар­дың барлығы – ақ жаулықты жан­дардың ұлағатын айна-қатесіз көр­сетеді. Де­мек, ұр­пағын жаза басудан сақ­тан­дырып, қайта өнеге­сі­мен өрісін кеңейткен әжелер бол­ған, келешекте бола да береді.
Әжелер туралы жазылған өлеңдер көп. Әнге айналғандары қаншама?! Мәдениет пен әдет-ғұрыпты жастардың бойына сіңіріп, оларға тарихымызды танытып, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды үйретіп, үлкен үлгі, өнеге көрсететін де – әжелеріміз. Дана халқымыз үлкендерге құрмет көрсетіп, қарттарын төріне отырғызып, олардың айтқан ақылына, өсиетіне құлақ асып, үлгі тұтқан. Қазақ отбасында әжелердің орны ерекше әрі қадірлі болған. Әлі де солай. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы болып, ағайын-туыстың ауызбірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі атанған. Өз балаларын бағып-қағып азамат етіп тәрбиелеген соң, немере-шөберенің тәрбиесімен айналысып, оларды қызғыштай қорып, бар мейірімін төгеді. Ел тарихында бір рулы елге ана болып, ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Абайдың әжесі Зере секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Әже – отбасының ғана емес, әулеттің ұйытқысы, ағайын-туыстың бірлігін, абысынның татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жас келіндердің тәрбиешісі әрі ақылшысы. Сондықтан да қазақ қоғамында тұңғыш немерені әженің бауырына салады. Бұл тек біздің халыққа ғана тән қасиет. Сөйтіп, бала ата-әженің кенжесі саналады.
«Ел болам десең, бесігіңді тү­зе» дейді Мұхтар Әуезов. Ал бұл сөздің өз мәнінде жүзеге асуы­ның түп негізін әжелер өнегесінен алып қарауымыз да заңды секілді. Бұл ұлағатты сөз кез келген адам­ды, ең алдымен, өз елінің салт-дәстүріне деген жанашырлыққа, ұлттың ұлы мұ­ратына деген адал­дыққа, Отанға деген шынайы та­залыққа үйре­тері һәм имани нұр­ға жетелері хақ. Осыдан-ақ, әже­лер мектебі – бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін бірден-бір жол десек, еш қателеспеспіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет