Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз



бет21/58
Дата02.02.2023
өлшемі164,75 Kb.
#167189
түріПоэма
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
, Создать Документ Microsoft Word, проведение челленджа видеороликов Мой тревожный чемоданчик

 









Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.

«Жұбанның «Мен-қазақпын» тамаша поэмасы халқымыздың, бүгінгі кәрі-жасымыздың қанатты сөзіне, мақтаныш сезіміне айналып кетті. Қазағың баяғы қағажу, мешеу ел емес. Ол – терезесі тең жұрт. Ол — талантты халық. Халқымыз бұғаудан босап, бойындағы асыл қасиет-жігерін күллі әлемге паш етті. Бұл дастан ақын шығармаларының көш басында өрге қиялай тартқан атан түйедей, жолында жүк қалмайтын нардай биік шоқтығы. Поэманы оқығанда Жұбанға әркім-ақ: «Сен қазақсың, сен шын ақынсың, азаматсың» деп тұратындай».

Ж. Бектұров

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — «Мен – қазақпын» поэмасы (1964). Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көрген туынды қазақ ұлтының өзі туралы поэмалық жариялауы болды. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде табыстым мұң тілімен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен, 
Құрсағыма сыйдырам даланы мен. 
Пәк сәбимін бесікте уілдеген, 
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, —

деген өлең жолдарынан — ақ ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің «қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді. 
Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет