Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз


өлеңді ойға құру, мазмұнды түрмен ашу сияқты ізденістерді дамыта келіп



бет19/58
Дата02.02.2023
өлшемі164,75 Kb.
#167189
түріПоэма
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Байланысты:
, Создать Документ Microsoft Word, проведение челленджа видеороликов Мой тревожный чемоданчик

өлеңді ойға құру, мазмұнды түрмен ашу сияқты ізденістерді дамыта келіп,

сылқым сылдыры ойнақы өрнегі бар «Сыр сандықты» дүниеге әкелді.

Сыр сандықты ашып қара, /8/

Ашып қара сырласым. /7/

Сым пернені басып қара, /8/

Басып қара жырласын. /7/
Өлеңді өрнектеуі де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар сөздердің сазы көңіл қошын тез тауып еріксіз би билеткендей.
«Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған.Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады.Бірақ кейінгі бір кездесуге Сәкенді жаңағы досы танымайды,шақыртқанына келмепті.Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш,жарамсақ.Былтыр күтіп,аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам ғана шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты.Әрине,бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде (фил.ғыл.докторы С.Талжанов) осылай сақталғанымен, Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Өмір,достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза,ешкімге қиянаты жоқ.Адалдық пен арамдық,мансап пен ар-ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды.Дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды.Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға,нулы шатқалға,мөлдір суға,қымбат жасауға ұқсатады.Жанама,жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер-адам бойындағы жақсы,жағымды қасиеттер.Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.
Өлеңде жаныңды түсіне білетін шынайы достарға «қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар» қарсы қойылған.
Сөйтіп, Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытьш, жаңа мұмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет