Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация
3. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. .
Жалпы психоанализ теориясы өз саласындағы бірден бір теория болмаса да, адам психикасын тануда және оның терең қырларын ашуда, сонымен қатар адамзат қоғамынының дамуын түсінуде маңызды қадам болды. Мәдениеттің , оның пікірінше, екі маңызды қыры бар:
- бір қыры, ол адамға табиғат күшін игеруге және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін одан материалдық игіліктер алуға мүмкіндік беретін адамдар алған барлық білім мен іскерлікті қамтуы.
- екінші жағынан, оған адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеу үшін, әсіресе қол жетімді материалдық игіліктерді бөлу үшін қажетті барлық белгілер кіреді.
3. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. .
З.Фрейдтің айтуынша, әрбір мәдениет алғашқы талап-тілектер, қажеттіліктер күштеу, мәжбүрлеумен және басумен құрылады. Сондықтан, адамдарда қоғамға қарсы және антимәдени үрдістер жиі кездеседі.
Швейцариялық психолог, психоаналитик, мәдениет зерттеушісі, Карл Густав Юнгтың концепциясына сәйкес, мәдениеттің қалыптасуында адамдардың образдарын, ойларын, сезімдерін қалыптастыратын; миф, ертегілер, аңыздарда көрініс тапқан ұжымдық жадыны сақтайтын уақыттық жүйелерден тыс мәдениеттің архетиптері (қоғамдық бейсаналылықтың психикалық құрылымдары) негізгі роль атқарады.
3. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К.Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. .
Н.Я.Данилевский – орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін салушы. Негізгі идеялары: жалпыадамзаттық өркениетті сынау. Дін, мәдениет (ғылым, өнер, техника), саясат, қоғамдық-экономикалық өмір секілді 4 негізден тұратын: мәдени-тарихи түрлер тұжырымдамасы. Мәдени-тарихи түрлер және өркениеттер этнографиялық материалға қарсы тұрады. Ғалым мәдени қызметтің төрт түрін бөледі: а) діни, Б) мәдени (ғылыми және эстетикалық шығармашылық), в) саяси, г) қоғамдық-экономикалық.